Бел-белесте. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 4


6-сабақ «Бел-белесте»

Оқу мақсаты

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы

Эпопеяның жанрлық ерекшелігін ажырату;

Оқушылардың көбі

Өмірлік белестерді ашудағы жанрлық ерекшелігін тұжырымдау;

Оқушылардың кейбірі

Өмірлік сабақты ашудағы жанрлық ерекшелікті бағалау;

Бағалау критерйлері:

Жанрлық ерекшелігін ажыратуда өзге жанрлармен салыстырады.

Жанрлық ерекшелігін тұжырымдауда аргумент келтіреді.

Жанрлық ерекшелікті бағалауда идеясын дәлелдейді.

1-тапсырма. Джигсо әдісі

Мақсаты: Эпопеяның жанрлық ерекшелігін ажырату;

Нұсқаулық:

a) Өздеріңізге түскен суреттер бойынша сарапшы топтарға бөлініңіздер;

б) Сарапшылар тобында бөлімінің сюжетін оқиғалар сызбасына салыңыздар;

Қайда болды?

Не болды?

Қашан болды?

ОҚИҒА ТАҚЫРЫБЫ

Неге болды?

Кім себепші болды?

Қалай болды?

с) Сарапшылар өз тобына қайтып келіп, отбасы тобында «Бел-белесте» бөлімі сюжетінің фабуласын жазыңыздар;

Дескриптор:

Жауаптары бөлім мазмұнына сай келеді?

Бөлімшелердің идеяларын аргументтейді.

Жауаптарын аргументтейді.

Бөлім

Негізгі оқиға

Бөлімнің идеясы

№1 топ

№2 топ

№3 топ

№4 топ

Бөлімдерді байланыстыратын негізгі ой қандай?

Не себептен бөлім «Бел-белесте» деп аталады деп ойлайсыз?

2-тапсырма.

Мақсаты: Өмірлік белестерді ашудағы жанрлық ерекшелігін тұжырымдау.

Нұсқаулық: Кестені толтырыңыз.

Дескриптор:

Жауаптарын аргументтейді.

Аспектілер

Әңгіме

Эпопея

Шығарма көлемі

Сюжеттің қамтитын уақыты

Кейіпкерлер саны

Оқиғалар орын алатын кеңістік

Шығарманың ойын жеткізудегі қолданылған көркемдік құралдар

Жанрлық ерекшеліктер бойынша қорытынды

3-тапсырма.

Мақсаты: Өмірлік сабақты ашудағы жанрлық ерекшелікті бағалау.

Нұсқаулық: Cұрақтарға жауап беріңіз.

Дескриптор:

Оқушылар өз деңгейі бойынша сұраққа жауап береді;

Жауаптарын аргументтейді.

  • Эпопея жанры арқылы Абай заманы туралы қандай ақпарат алдыңыз?
  • Сол заман, Абай, халық тұрмысы туралы қандай ой түйдіңіз?
  • Халық өмірі, жеке тағдырлар жайлы ақпаратты жеткізуде қандай көркемдеуіш құралдар қолданылған?
  • Қалай ойлайсыз, осындай ақпаратты әдебиеттің басқа жанры арқылы ала алар ма едіңіз?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу