М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Нұсқа 1

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қабдолла Р.Ж.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаты

Шығарманың көркемдік құндылығын талдай отырып, баға беру арқылы анализ жасау дағдылары дамиды.

Бағалау критерийлері

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Өз ойын дәлелдеуде шығармадан дәлелдер келтіреді.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Образ, өмір шындығы, автор идеясы, кейіпкер сипаты, көркемдік сипаты, көркемдік құндылығы

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта кейіпкерлер сипаты арқылы автор идеясының өмірмен байланысына талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

4 мин

Қызығушылықты ояту

«Иә, бірақ...»

Оқушылар мұғалімнің берген пікірінен бастап, алдыңғы айтылған ойға қарама-қарсы пікір айтады. Сөздерін «иә, бірақ» деген сөздермен бастайды.

Шығармадағы Абай – өз заманының белді тұлғасы.

Ортасы

33 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Тапсырма 1.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы өнер тақырыбының көтерілуі туралы интеллект картасын жұпта орындаңыздар.

Жұптағы жұмыстарыңызды топқа таныстырып, талдаңыздар, толықтырыңыздар.

Теориялық білім. Оқушылар әдеби эссе мен оның түрлері туралы ақпаратпен танысады.

Әдеби-талдау эссе

Әдеби-сыни эссе

Әдеби-синтез эссе

Әдеби-дәлелдеме эссе

Әдеби-салыстырмалы эссе

Әдеби-шығармашыл эссе

туындыға талдау жасай отырып жазады.

автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіреді

бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығара отырып, қорытындыға келеді.

ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады.

туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаларды салыстыра отырып, талдап жазады.

әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен дамытып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.

Ойтүрткі сұрағы:

Әдеби эссенің құрылым еске түсіріледі.

Тапсырма. Шығарма мазмұны мен идеялық көркемдік ерекшелігін талдай отырып, «...Айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай» деген тақырыпта шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби-талдау эссесін жазыңыз. Көлемі – 200 сөз.

Қалай ойлайсыздар, берілген тапсырма қандай эссенің түріне жатады? Неге?

Дескриптор:

-өзіне әсер еткен бір суреттегі бейнені сипаттай отырып, эссенің кіріспесін креативті бастайды.

-шығармаға және кейіпкерлерге баға беру үшін зерттеу еңбегіндегі пікірді негізге ала отырып, көркемдік- идеялық құндылығына өз көзқарасын білдіреді;

-шығарманың көркемдік құндылығын таныту үшін кемінде 7-8 көркемдік қолданысты талдап жазады.

-жазба жұмысының көлемін сақтап, ой бөліктеріне (абзацтарға) бөліп, қорытынды пікір ұсынып, ойын жүйелі жеткізеді.

... Алда - өмір, тартыс. Сол тартыста  бұл жалғыз... Бір қуаты, бір  үміті бар. Қуаты - ақындық,  үміті  халық. ...

... Мен келемiн! Өнер әкелемiн! Танымай көршi, аңдамай бақшы! Сай-сүйегiң босамай, алпыс екi тамырың иiмей көршi!" деп, бас идiре ән төккенде, ән емес, нұр төккендей. Әлемнiң жүзiнен жауыздық зұлымдығын қуып әкетiп, қиялда болса да дүние бетiн, Арқа жүзiн сан сұмдықтан тазартып бара жатқандай. Ол ән асқақ есiп соққанда, Көкшенiң қалың сыпсың қарағайы – мынау әншi басындағы оқалы тақияның жiбек шоғындай болып, теңселiп барып, төгiле жапырылып, жол бередi, бас иедi. Арқаның қара түнi де мынау ақын үстiндегi қара мақпалдың бетiндей майда, мейiр түнi болады. Сонда ел жүзi де осы ақын жүзiндегi жылтырап көрiнген нұрға толғандай болады. Ел жүзiнде, қазiргi ақын түсiндегi, ән үстiнде езу тартқан жарастық күлкiдей боп, шат қуаныш күлкi көрiнедi Абай көзiне. ...

... Бай, бағлан боп, қадiрлi болмайды жiгiт! Өнерлi боп, сол өнерiн ұстай бiлiп, қадiрлi болады. "Өнерпаз болсаң – өр бол" дейдi, Бiржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшiлiк емес. Өнерлi ақын, асқақ әншi болсаң – ел көңiлiндегi мұңды айтып, көзiндегi жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадiрлi болмасқа тиiстi!...

... Есiл Бiржан, қадiрiң қандай едi! Елiмнiң асыл күшiн арқалап жүр екенсiң ғой! Сенiң әнiңнiң лебi ғой осы жастарды осылай тартқан. Өнер болса, осылай боп, толқынсыз апан суға кесек тас түскендай, ұйқы-тұйқы етсiн де. Өмiр соны тiлейдi ғой. Осылай, құйындай соғар күштер болмаса, шiрiп бүксiп күндер өтедi ғой. ...

Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі!

неміс жазушысы Альфред КуреллаҚос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені –  қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс!

Ө.Әбдиманұлы Abai.kz

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда қандай қиындық туды?

Берілген ресурстардың қандай пайдасы болды?

Соңы

3 минут

Рефлексия Үш «М»

Оқушылар сабақтағы ең маңызды болды деп санайтын үш сәтті жазып көрсетеді.

1М-.........................................

2М-..........................................

3М-..........................................

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу