Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 8 сабақ.


СӨЗЖҰМБАҚ

Кейіпкерлерге тән қасиеттерді, олардың мінездері мен портретін қолданып,

жауабы дайын сөзжұмбақтың сұрақтарын құрастырыңыздар.

Әдеби-теориялық ұғым

Жинақтау - әдеби тип жасау әрекеті.

Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үшін талғампаздық керек. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт.

Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.

Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады.

1 тапсырма Т

1 топ

Шығармадағы типтік образдарды анықтаңыз. Оларды не біріктіреді?

Бұл образдар арқылы автордың бізге көрсететін өмір шындығын бағалаңыз.

 

2 топ

Шығармадағы Алдияр Ақпанұлын кейіпкер ретінде даралайтын қасиеттерді табыңыз.

Бұл образ арқылы автордың бізге көрсететін өмір шындығын бағалаңыз.

 

3 топ

Шығармадағы Алмас Байсаловты кейіпкер ретінде даралайтын қасиеттерді табыңыз.

Бұл образ арқылы автордың бізге көрсететін өмір шындығын бағалаңыз.

 

4 топ

Шығармадағы Аяған Қуатовты кейіпкер ретінде даралайтын қасиеттерді табыңыз.

Бұл образ арқылы автордың бізге көрсететін өмір шындығын бағалаңыз.

 

Дескриптор:

- кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы образды ашады;

- көркем образдардың берілуі арқылы өмір шындығына баға береді

2 тапсырма Т

Романда көтерілген бір мәселенің өзектілігіне талдау жасап, авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтаңыздар.

Дескриптор:

- шығармадағы негізгі оқиғалардың орын алған себептерін көрсетеді;

- авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды.

Ағаштың:

діңіне автордың идеясын;

бұтақтарына тарихи оқиғаларды және оқиғаға себеп болған әлеуметтік жағдайды;

бөрікбасына тарихи оқиғаның қоғамдық және саяси сипатын; көтерілген мәселені -

жазып, постер түрінде ұсыныңыздар.

Рефлексия

«Тазалық»

Бүгінгі тақырып бойынша:

- алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар);

- артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар);

- ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу