Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

Сабақтың мақсаттары

Шығармада көтерілген мәселені анықтай отырып, өзіндік көзқарасымен шығармашалық жұмыс жазу.

Бағалау критерийлері

  • Шығармада көтерілген мәселені анықтайды;
  • Өзіндік көзқарасымен шығармашылық жұмыс жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: пәтершілердің қарасы, тоқал өкше, Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді,Екі адамның арасына есі кеткен түседі, Қайыршыға жел қарсы, Теңеу: Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан, иттің ұясындай,

Диалектілер: дарбаза, дәлізДиалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің мазмұнымен таныс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

ІІ.Қызығушылықты ояту

  • «Пәтер іздеп жүр едік» әігңмесі арқылы автордың айтпақ ойы қандай?
  • Шығармада көтерілген мәселе қазіргі таңда өзекті ме? Әлде ондай мәселе жоқ па?

Төменде берілген тірек сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып, мақал-мәтел қолдана отырып, оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

МАТЕРИАЛДЫҚ

МОРАЛЬДІК

ҚҰНДЫЛЫҚ

ОТБАСЫ

ШАҢЫРАҚ

№1,2 слайдтар

Суреттер google сайтынан алынды.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Тапсырма №1

Т. «FILA» әдісі көркем шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтау. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F /Дерек/ – шығармадағы негізгі деректер

I /Идеясы /– шығарманың идеясы

L /Сұрақ/– шығармада туындағын мәселе

A /Іс-әрекет/– мәселенің шешу жолдары

.

Деректер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Бағалау дескрипторлары

  • Шығарма бойынша деректер анықтайды; (кемі 5)
  • Шығарманың идеясын табады; (кемі 2)
  • Көтерілген мәселені анықтайды; (кемі 3)
  • Шешу жолдарын ұсынады; (кемі 3)

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды өзіндік ерекшеліктеріне қарай 4-топқа бөлу

Топтарға 4 түрлі жанрда шығармашылық жұмыс беріледі. Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында алдыңғы тапсырмада көтерілген мәселені қолданулары қажет

1-топ

«Әңгімедегі әлеуметтік мәселе қазіргі таңда өзекті ме?»

Аргументативті эссе

(сөз көлемі 150 сөз)

2-топ

Берілген үзіндіні жалғастырып жазыңыз.

Алматыны алты айналып, жетім бұрышты жеті айналғанда өкшем опырылып түсті. Енді маймақ жүріске бастым, аяғым ауырды деп келіншегім отыра кетті. Пәтер іздеп жүр едік...

Сюжетті әңгіме

(сөз көлемі 150 сөз)

3-топ

Шығармашылық өлең

(3 шумақ)

4-топ

Әдеби шығарма

(сөз көлемі 150 сөз)

Дескриптор

  • Шығармашалық жұмыс жазады;
  • Жанрлық ерекшеліктерін сақтайды;
  • Мәтінде мәселе көрініс табады;
  • Сөз көлемін сақтайды;

https://abai.kz/post/40306

шығарманың толық нұсқасы

https://www.youtube.com/watch?v=eakRh1BOsog

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Шығарманың композициялық құрылымына кешенді талдау жасау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарды дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу