Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақтың мақсаттары

Көркем шығарманың идеясымен мазмұндас шығармалармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманы идеялық жағынан ұқсас шығармалармен салыстырады;
  • Әдеби сын жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: пәтершілердің қарасы, тоқал өкше, Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді,Екі адамның арасына есі кеткен түседі, Қайыршыға жел қарсы, Теңеу: Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан, иттің ұясындай,

Диалектілер: дарбаза, дәлізДиалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің мазмұнымен таныс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

ІІ.Қызығушылықты ояту

1.«Әлеуметтік теңсіздік» топтастыру әдісі арқылы тақырыпты ашу.

№1,2 слайдтар

Суреттер google сайтынан алынды.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану

1-тапсырма

Мұғалім оқушылардан әлеуметтік теңсіздік мәселесі мен адам құқықтары жөнінде Қазақстандағы өмірді сөзбен бейнелеп, артықшылығы мен кемшілігін көрсететін кесте толтыруды сұрайды.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ МЕН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨМІР

КЕМШІЛІКТЕРІ

?

?

Дескриптор

  • Әлеуметтік теңсіздікті табады;
  • Қазақстандағы өмірдің артықшылықт ары мен кемшіліктерін анықтайды;
  • Мысалдармен дәлелдейді;

2-тапсырма

  • Шығармадағы автордың негізгі ойын анықтау және бүгінгі өмірмен салыстыру.
  • Әңгіме идеясына ұқсас, соңғы оқыған шығармаларды табу.

Дескриптор

  • Кестені толтырады;
  • Ұқсастықтарды анықтайды;
  • Шығарма идеясына ұқсас шығармаларды анықтайды;

3-тапсырма

Идеясы шығармалармен салыстыра отырып, әңгімеге 150 сөз көлемінде әдеби сын жазу

Дескриптор

  • Жанрлық ерекшелігін ескереді;
  • Ұқсас шығармамен салыстырады;
  • Сөз көлемін сақтайды;

Әдеби теориялық ұғымды еске түсіру

ӘДЕБИ СЫН

Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.

Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер – өнер үшін» немесе «өнер – саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды.216 сөз

https://adebiportal.kz/kz/genres/view/155

https://abai.kz/post/40306

шығарманың толық нұсқасы

https://www.youtube.com/watch?v=eakRh1BOsog

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Шығарманың композициялық құрылымына кешенді талдау жасау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарды дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу