Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 4 сабақ.
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау 1 тапсырма Т 1 топ Ұрпақтар алшақтығы: әке мен баланың мақсат-мүддесі, өмірлік ұстанымына байланысты туындаған келіспеушіліктер көрінетін эпизодтарды (Мұсахан, Алдияр, Қуат, Ес ақсақалдар мен балалары) мысалға келтіріп, заман көрінісіне баға беріңіздер. Дескриптор:
|
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау 1 тапсырма Т 2 топ Мына эпизодты шығармадан тауып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыз: бүгінде өзектілігі бар мәселе ме? - Жетпіс жеті жыл ғұмыр кештім. Біздің ғұмыр құлдықпен өтті. Өмір – зая... Ұлыиіс деген жалғыз немерем бар. Қазақпын деуге намыстанады. Ол – менің болашағым. Бөтен. Мен де оған бөтенмін... Жатпын. Дескриптор:
|
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау 1 тапсырма Т 3 топ «Соғыс: сөнген шоқ, өшкен арман»: қазақ ерлерінің басқа елдегі соғыстарға қатысуы туралы автордың көзқарасы қандай? Дескриптор:
|
Оқу мақсаты: 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау 1 тапсырма Т 4 топ Келесі үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін қалай тауып жатыр: – Əй, əділетсіз өмір-ай!– деп күйіне сөйледі жігіт пəтеріне қарай кетіп бара жатып. – Ата-бабамның қаны сіңген ұлан-ғайыр мекеннен алақандай жер тимеді-ау бізге. Əлі күнге көрінгеннің есігінде жүрміз. Дескриптор:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?