Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 4 сабақ.
МИҒА ШАБУЫЛ
1. Аяғанның басынан қандай қиындықтар өтті?
2. Бүгінгі күнде өмір сүрсе, кейіпкер осы қиындықтар оның алдынан
шығар ма еді?
1 тапсырма Т
1 топ
Ұрпақтар алшақтығы: әке мен баланың мақсат-мүддесі, өмірлік ұстанымына байланысты туындаған келіспеушіліктер көрінетін эпизодтарды (Мұсахан, Алдияр, Қуат, Ес ақсақалдар мен балалары) мысалға келтіріп, заман көрінісіне баға беріңіздер.
2 топ
Мына эпизодты шығармадан тауып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыз: бүгінде өзектілігі бар мәселе ме?
- Жетпіс жеті жыл ғұмыр кештім. Біздің ғұмыр құлдықпен өтті. Өмір – зая... Ұлыиіс деген жалғыз немерем бар. Қазақпын деуге намыстанады. Ол – менің болашағым. Бөтен. Мен де оған бөтенмін... Жатпын.
3 топ
«Соғыс: сөнген шоқ, өшкен арман»: қазақ ерлерінің басқа елдегі соғыстарға қатысуы туралы автордың көзқарасы қандай?
4 топ
Келесі үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін қалай тауып жатыр:
– Əй, əділетсіз өмір-ай!– деп күйіне сөйледі жігіт пəтеріне қарай кетіп бара жатып. – Ата-бабамның қаны сіңген ұлан-ғайыр мекеннен алақандай жер тимеді-ау бізге. Əлі күнге көрінгеннің есігінде жүрміз.
Дескриптор:
эпизодтардағы заман көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстырады;
шығармадағы заман көрінісіне баға береді;
пікірін мысалдармен дәйектейді.
2 тапсырма Т
Шығармада көтерілген мәселелерді екіжақты қарастырып, оның шығармадағы көрінісін бағалаңыздар:
1 топ – жұмыс/жұмыссыздық
2 топ – ой/сөз еркіндігі
3 топ – сыбайластық
4 топ – тіл
Рефлексия
«Желкен»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?