Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ 1-сабақ

Күні:

Сынып 11

Бөлім. Заман шындығы

Сабақтың тақырыбы

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Оқу мақсаттары

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, жанрлық ерекшелігін түсінеді.

 Бағалау критерийлері

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

жанрлық ерекшелігін түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сұхбатқа түсуге дағдыландыру.

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

 Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.
  • ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд

Мақсат қою

5 минут

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі.

Жаңа материалды игеру

10 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

ЖЖ. Тек бір минутЖұптарда оқушылар «Тек бір минут» тәсілі арқылы шығарманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады

Мағынаны тану кезеңі.

Б. Мұқай деген кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

Б. Мұқай «Өмірзая» романы туралы не білеміз?

Б. Мұқайға арналған слайд. Оқушылармен ой –бөліс.

Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған.

1971 жылы Әл- Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетін бітірген.

1965- 1966 жылдары Кеген, Нарынқол аудандық газеттерінде еңбек жолын бастаған. 1970- 1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында балалар мен жасөспірімдер әдебиеті бойынша кеңесші болып қызмет істеген.

1990- 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде репертуарлық - редакциялық коллегияда бас редактор, Бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болды. Кейінгі жылдары «Парасат» журналының бас редакторы болып істеген.

Баққожа Мұқай «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдар мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Алғашқы махаббат», «Жеті желі» атты кітаптардың авторы.

Баққожа Мұқайдың шоқтығы биік шығармасы «Өмірзая» романы. Романда ашаршылық кезеңдегі «советтік шындық», яғни өмірдің зілбатпан ауыр салмағы шынайы қалыпта көрсетіледі. Роман 80- ші жылдардағы қазақ идеясы турасында. Сондықтан да ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы- тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының елеулі бір туындысы ретінде, 2000 жылы «Өмірзая» романына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.

Жазушының «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан гүлі», «Ерулік», «Тоят түні», «Өмірзая», «Тойы көп үй» атты драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі елуден астам театрларда қойылып, көрермендердің бағасын алған дүниелер.

1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін жазушыға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1995 жылы Қырғызстанның әдебиет жөніндегі сыйлығымен марапатталды.

Баққожа Мұқай М.Колесникова мен М.Колесниковтың деректі материалдар негізінде жазылған «Рихард Зорге» атты кітабын, бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.Шығармалары:Мұқай Б. Таңдамалы шығармалары: 5 томдық. - Алматы: Ана тілі, 006.

Мұқай Б. Жаңбыр жауып тұр.- Алматы: Жалын, 1976.

Мұқай Б. Қош бол, менің ертегім: Екі бөлімді драма. – Алматы: Жазушы, 1976.

Мұқай Б. Өмір арнасы: Повесть.- Алматы: Жалын, 1978.

Мұқай Б. Аққу сазы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1980.

Мұқай Б. Жалғыз жаяу: Роман.- Алматы: Жалын, 1983.

Мұқай Б. Мазасыз маусым: Повестер.- Алматы: Жалын, 1986.

Мұқай Б. Тоят түні: Пьесалар.- Алматы: Өнер, 1994.

Мұқай Б. Жеті желі: Хикаялар.- Алматы: жазушы, 1996.

Мұқай Б. Алғашқы махаббат: Хикая мен әңгімелер.- Алматы: Рауан, 1998.

Мұқай Б. Дүние к езек: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1992.

Мұқай Б. Өмірзая: Роман.- Алматы: Жалын, 1998.

Мұқай Б. Ертегідей ертеңім.- Алматы: Ана тілі, 2003.Өмірі мен шығармашылығы туралы:Жұмабек С. Төрт ауыз сөз: Баққожа Мұқайдың «Мазасыз маусым» жинағы жайлы //Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.

Мұқаев баққожа //Советтік қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Мұқай Баққожа //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

Тапсырма 1. Оқушылар топ болып тарих пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып ,Б. Мұқайдың «Өмірзая» романының мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап жазады.

1-2-топтар мен 3-4-топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.

Сұрақтар:

Дескрипторлар:

  • Сұрақ мазмұнын түсінеді;
  • Сұраққа нақты жауап береді.

Тапсырма 2.

Б. Мұқайдың «Өмірзая» романынан үзінділер беріледі.

http://m.adebiportal.kz/kz/retailing/view/325

Оқушылар жұппен талқылайды.

Тапсырма 3.

  •  Жұптық жұмыс. Жұптар оқыған мәтіндегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстырады.
  •  Сынып болып шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.
  • Басталуы:
  • Байланысуы: 
  • Шиеленісуі:
  • Шарықтау шегі:
  • Шешімі:

Дескрипторлар:

шығарманың мазмұнын түсінеді;

композициялық құрылымына талдау жасайды;

Көтерген мәселесі мен тақырыбын табады;

Сыни көзқараста талдау жасайды.

Слайд

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Хронологиялық таблица

Слайд

https://yvision.kz/post/251359

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Бүгінгі сабақ сізге қандай сезім сыйлады?

Рефлексия

5 минут

Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.

Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым.

Ортаңғы саусақ – мен үшін қиын болғаны (маған ұнамады).

Аты жоқ саусақ – мен психологиялық ортаны қалай бағалаймын.

Шынашақ – мен үшін жеткіліксіз болды.

Үйге тапсырма:

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Сабақ бойынша рефлексия

1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу