Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.


Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжаңыз:

Әдеби-теориялық ұғымды еске түсіру

Әңгіме оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

https://adebiportal.kz/kz/genres/view/192

1 тапсырма Ж

А) Пәтер іздеу жолында отбасы қандай қиындықтардан өтті? Тізіп жазыңыздар. Ол қиындықтар неліктен туындады?

Ә) Негізгі оқиғаларды жинақтай келе, әңгіменің сюжеттік-композициялық құрылымын анықтаңыз.

Б) Шығарманың әңгіме жанрына жататынын дәлелдеңіз.

 

Дескриптор:

- шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

- әңгіменің жанрлық ерекшелігін ажыратады.

2 тапсырма Т

Шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындаңыздар:

1 топ

Идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін анықтаңыздар.

2 топ

Образдар қатары мен құрамының жүйесін талдаңыздар.

 

3 топ

Уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсетіңіздер.

 

4 топ

Баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуына баға беріңіздер. 

Дескриптор:

- идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін ағалайды;

- образдар қатары мен құрамының жүйесіне талдау жасайды;

- уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсетеді;

- баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуын талдайды.

3 тапсырма ЖЖ

«5 минуттық эссе»

Әр топтың жұмыстарын жинақтай келе, шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдап, 5 минуттық эссе жазыңыз.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу