Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 11 сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Заман шындығы Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі | |||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | - әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау жасау; - жанрлық ерекшелігін анықтау; - шығарманың композициялық ерекшеліктерін айқындау | |||||||||
Бағалау критерийлері | - әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау жасайды; - әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды; - әңгіменің жанрына сәйкес композициялық ерекшеліктерін талдайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: Сюжет, композиция, жанр Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыадамзаттық құндылықтар:
Еліміздің құндылықтары;
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін-өзі тану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | слайд | |||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Романның мазмұнымен танысу | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылығын ояту Суреттерге қарап, оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды:
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау | https://kitap.kz/book/1149/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0) | ||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 10 минут 15 минут 5 минут | Мағынаны тану Әдеби-теориялық ұғымды еске түсіру Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. 1 тапсырма Ж А) Пәтер іздеу жолында отбасы қандай қиындықтардан өтті? Тізіп жазыңыздар. Ол қиындықтар неліктен туындады? Ә) Негізгі оқиғаларды жинақтай келе, әңгіменің сюжеттік-композициялық құрылымын анықтаңыз. Б) Шығарманың әңгіме жанрына жататынын дәлелдеңіз. Дескриптор: - шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды; - әңгіменің жанрлық ерекшелігін ажыратады. 2 тапсырма Т Шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындаңыздар: 1 топ Идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін анықтаңыздар. 2 топ Образдар қатары мен құрамының жүйесін талдаңыздар. 3 топ Уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсетіңіздер. 4 топ Баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуына баға беріңіздер. Топтық таныстырылым Бағалау Дескриптор: - идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін ағалайды; - образдар қатары мен құрамының жүйесіне талдау жасайды; - уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсетеді; - баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуын талдайды. 3 тапсырма ЖЖ «5 минуттық эссе» Әр топтың жұмыстарын жинақтай келе, шығарманың композициялық ерекшеліктері бойынша 5 минуттық эссе жазыңыз. ‘Ф’ дұрыс/қатесін тексеру арқылы мұғалімнің кері байланысы. | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Блоб ағашы» | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?