Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ 2абақ

Күні:

Сынып 11

Бөлім. Заман шындығы

Сабақтың тақырыбы

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Оқу мақсаттары

11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды.

 Бағалау критерийлері

Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сұхбатқа түсуге дағдыландыру.

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,музыка.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

 Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.
  • ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Партаның астына түрлі түсті стикерлер жабыстырылады, бірдей түстер бойынша 3 топқа бөлінеді.

Мақсат қою

5 минут

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі.

Жаңа материалды игеру

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

  • Б. Мұқайдың «Өмірзая» романы қай кездегі оқиға арқау болған?
  • Шығармадағы негізгі кейіпкерлер кімдер?

Автор қолтаңбасы

http://m.adebiportal.kz/kz/retailing/view/325

Тапсырма 1

Жеке жұмыс.

  • Шығарманың тарихи қоғамдық негізі
  • Кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы
  • Шығарманың эстетикалық-әсершілдік мәні

Дескриптор:

  • Шығарманың тарихи қоғамдық негізін табады;
  • Кейіпкер портретін суреттейді;
  • Шығарманың эстетикалық-әсершілдік мәнін табады.

Тапсырма 2

Кейіпкер портреті

Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

Кейіпкер

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

Т.

«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір /– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/ – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

«Ашық микрофон» ойыны.

Шарты: Берілген сұраққа жауап бергісі келген оқушы ортаға шығып, өз пікірін қорғайды. Қойылатын талап: Ой ықшам, жинақы, дәлелді болуы керек және сөйлеуші аудиторияны өзіне қарата алуы қажет.

Сұрақ/сұрақты аудио арқылы тыңдатуға да болады/

Сонда, дейміз-ау, адам – заманның перзенті екен: кешегі жаманыңыз бүгін жақсы болыпты, дүние қисайса, бүгінгі жақсыңыз – жаман болып кетуі мүмкін екен, сонда дейміз-ау, әуел бастан оң жолда, ақ жолда болған кім бар? Кім бары қалай? Арыда Кенесары- Наурызбай, беріде Ахаң-Жақаң... Одан беріде? – дейсіз ғой. Одан беріде де... болған шығар. Ел аман, жұрт орнында, абзал аналар алып ұл тумаушы ма еді, болған шығар, жүрген шығар бір жерде, азаматтың бәрі аранға түсіп, атылып жатуы шарт емес қой... Әлде, өлгендерді ғана жоқтаушы ма едіңіз?..

Ес пен түнек арасында көзіне Кенесары хан мен Сыздық төре елестеген.

« – Қор болып тірі жүргенше арпалысып өлмек жөн. Тұр орныңнан! – дейді Кенесары хан. Аяған орнынан тұрып кетпек болып талпынады, бірақ әл-дәрмені жетпейді, денесін зілмауыр жүк басып тұр.

– Шыда, батыр, шыдап бақ. Елім деп еңіреген талай боздақ көрген. Күш жина, серпіл, күрес, – дейді Сыздық төре».

Аяған күресіп-ақ бақты тұруға, серпілуге, қайтадан күрес жолына түсуге талпынды. Бірақ пенденің дені қаншама берік болса да, тәні әлсіз. «Тіріге опа бермеген жалғанды қап-қара түнек басты». Аяғанның демі үзіліп, шыбын жаны шырқырап көкке ұшты...

Топтық жұмыс. 3-тапсырма.

«Тіркесті жалғастыр» әдісі арқылы төмендегі тіркестерді

жалғастыру сұралады.

Шығармадағы ең маңызды эпизод.........

Шығармадағы ең маңызды кейіпкер.....

Шығарманың негізгі ойы.......

Бағалау критерийіне сай бағалау жүргізіледі.

Топтық жұмысты оқушылар бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.

Слайд

http://m.adebiportal.kz/kz/retailing/view/325

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Слайд

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Кері байланыс

«4 сөйлем стратегиясы»

1.Пікір

2.Дәлел

3.Мысал

4.Қорытынды

Слайд

Рефлексия

5 минут

Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Сабақта не қиын болды? Не оңай болды?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Мен үшін маңызды бір ақпарат...

Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...

Мен үйрендім не білдім...

Үйге тапсырма:

Сабақ бойынша рефлексия

1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу