Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 1 сабақ.


Баққожа Мұқай – жазушы, драматург. 1948 жылы туылған

Баққожа Мұқайдың шығармашылығы

Б. Мұқайдың «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006).

І - орталық. «Оқу» орталығы бойынша оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

1. «Өмірзая» шығармасын оқып, мазмұнымен танысып, қысқаша мазмұндайды.

2. Шығарманың үзінділері (өздеріне ұнаған) бойынша сурет салу.

ІІ - орталық. «Жазу» орталығы бойынша жазбаша жұмыс жасайды.

1. Шығармаға жоспар құру.

2. Шығарманың тақырыбына басқа шығармалармен салыстыра, талдау жұмыс жасау

ІІІ - орталық. «Ғылым» орталығы.

1. Ақынның шығармашылығы жайлы мәліметтермен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

2. Кластер салу (постер арқылы)

3 қадам. «Ақпарат кестесі» стратегиясы.

Шығарма не жайлы Шығарманың тәрбиелік мәні

Әр топ қысқаша шығарма жайлы түсінгендерін айтып береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу