Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 1 сабақ.
Суреттер арасында қандай байланыс бар? Сабаққа қатыстылығын анықтаңыз.
Бөлім. Заман шындығы
Сабақтың тақырыбы:
Б. Мұқай «Өмірзая» романы
1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап бер.
Баққожа Мұқай шығармашылығымен таныссыз ба?
Сіздің ойыңызша, Баққожа Мұқай оқырмандарына қандай шығармалар ұсынды? Неліктен?
Өмірзая сөзінің мағынасы қандай? Қандай дәлел келтіруге болады?
«Өмірзая» романында қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?
Қалай ойлайсыз, Баққожа шығармаларының ұрпақ үшін құндылығы неде?
2-тапсырма. Берілген тұжырымдар бойынша өз ойыңды ортаға сал.
«Б.Мұқайдың «Өмірзая», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларындағы тоталитарлық дәуірдің шындығы».
«Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі».
3-тапсырма. Оқушылар шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жаса.
А) Шығарма сюжеттік-композициялық құрылымы:
сюжеттің басталуы;
сюжеттің байланысы;
сюжеттің дамуы;
сюжеттің шиеленісуі;
сюжеттің шарықтау шегі;
оқиғаның шешімі.
Ә) Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықта.
Бағалау. «Табыс баспалдағы»
Дескриптор:
тұжырымдар бойынша пікірлерін білдіреді.
шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды;
шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.
Ойтолғаныс кезеңі
Кері байланыс
3-2-1
Сабақтағы 3 маңызды ақпарат
Сабақ барысында қиындық келтірген 2 мәселе
Сабақта ұнаған 1 аспект
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?