Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 2 сабақ.


№2 тапсырма. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдаңыз.

Тұжырым

Әлем әдебиетіндегі құндылық

Қазақ әдебиетіндегі құндылық

Үндестік

Романның көтеріп отырған тақырыбының қазақ халқы үшін маңыздылығымен, ел Тәуелсіздігінің алғадайы болған Желтоқсан тақырыбының өзектілігімен, яғни саяи-әлеуметтік дискурсының көкейтестілігімен, идеялық-эстетикалық жүгінің зәрулігімен ғана емес, шығарма композициясында қолданылған әдіс-тәсілдердің молдығында, шығарма жанрымен үйлесім, үндестігінде, жарасымдылығында, орнықтылығында болса керек. Саяси номенклатураның, архив деректерінің осындай кең диапозонда әдебиетке келуі бұрын-соңды болмаған дүние. Жазушы саяси құжатнама, құқықтық деректер, архив материалдарын шашау шығармай, оның көркемдік құнын, әсерін кемітпей, кәнігі қалыптасқан жазушы шеберлігімен, ұтымды баяндау тәсілін пайдалана отырып, эмоциялық-экспрессиялық тұрғыда бір деммен жазылғандай тебіреніске жетелейтін, саяси-тарихи нысанда жасыған намысынды, жоғалуға шақ тұрған ұлттық рухынды оятатын құнды дүние жасай білген.

Баққожа Мұқайдың шоқтығы биік шығармасы «Өмірзая» романы. Романда ашаршылық кезеңдегі «советтік шындық», яғни өмірдің зілбатпан ауыр салмағы шынайы қалыпта көрсетіледі.

Баққожа Мұқаи “Өмірзая” рома­нын­да өз заманының саяси-әлеу­меттік, тарихи маңызы зор, мәні үлкен аса іргелі, өзекті шын­ды­ғын суреттеді, заман қаһар­ма­ны­ның образын жасады. Шығар­ма­шылық еңбек жолында мұндай нәти­жеге жеткен жазушы да та­рихта өте сирек. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік қоға­м­ның тоқырау дәуірінде ұлт­тық идея, ұлттық тәуелсіздік идея­сы жолында еңбек етіп, бейнет көрген, қанша тар қапаста, тайғақ кешуде, азап үйлерінде өмірлік ұстанымынан таймаған, алған бетінен қайтпаған, елдің тәуелсіз­дігі үшін өмірін қиған, жанын пида еткен замандас образын жасау – жазушының шығармашылық бақытқа пара-пар жетістігі.

Баққожа Мұқаи шығармашылығының алтын арқауы – адамның адамгершілік қадір-қасиеті, ар алдындағы адалдығы мен таза­лығы, өтірік-өсек пен қулық-сұмдыққа, мансапқорлық пен дү­ние­қорлыққа, қызғаншақтық пен көреалмаушылыққа қарсы күресі. Ол – адамгершілік биіктіктің, азаматтық тереңдіктің жазушысы, адамның ар-ожданы мен абыройының жыршысы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу