Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 4 сабақ.


№3 тапсырма. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалаңыз.

Шығармадағы заман көрінісі

Қазіргі заман көрінісі

Ерболаттың шығармашылығы жөнінде сөз қозғағанда, «Пәтер іздеп жүр едікке» соқпай кету қиянат болар еді. Жазушы өз дәуірінің шындығын қаламына азық қып, өмірдің өнердегі, сөз өнеріндегі бейнесін бедерлейді десек, әңгімеден пәтер жалдап тұрудың әлеуметтік ауыртпашылық-азабын ғана емес, психологиялық қыспақ-салмағын да сезінгендей болдық. Қала жағалаған қазақ жастарының басындағы айтулы мәселенің бірі һәм бірегейі – осы. Нәпақасын қайырымсыз қаладан іздеген қазақ үйелменінің басындағы бар жағдай. Бір ғана отбасы емес, жүздеген жанұяның жан-айқайы.

Пәтер жалдаудың әурешілігін күн сайын терең сезінетін қазіргі көп оқырман үшін бұл шығарма, шынында да, жан-дүниесін алай-дүлей күйге түсіріп, көзіне еріксіз жас үйіретін психологиялық туынды деуге болады. Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» атты бір ғана әңгімесінің өзінде жалпыадамдық-гуманистік құндылықтардың аяққа тапталып, игі де ізгі қасиеттердің нарықтың заманның болмашы байлығы жолында жойылып жатқанын жақсы жеткізе білген. Пәтерақыңды уақытылы төлемесең, үй иесіне қажетің шамалы. Тек үй иесі ғана емес, көк қағазың болмаса, қоғам үшін де көк тиын құрлы құнсызсың. Абай айтатын қазақы қағиданың беті теріс айналып, «ар ойлама, пайда ойла» дейтін деңгейге құлдырап бара жатқанымызды іштей мойындайсың. Мойындатады. Жазушы қаламының құдіреті де осында болса керек.

Менің берер бағам



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу