Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Сабақ №4

САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 11-сынып Жаратылыстану-математика бағыты

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім: Заман шындығы

Сабақтың тақырыбы: Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Сабақтың оқу мақсаттары

11.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау;

 Сабақтың мақсаттары

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

 Бағалау критерийлері

Шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады

Шығармадағы заман бейнесі мен қазіргі заман бейнесін бағалайды.

Пәнаралық байланыс

тарих

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология:

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар 8-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

3 минут

«Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы оқушылар сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтайды.

Сабақ мақсаты белгіленіп, жетістік критерийлері құрылады.

https://turkystan.kz/article/45467-aza-ta-onys-tojdy-zh-ni-b-lek

5 минут

№1 тапсырма. «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы төмендегі сауалдар жөнінде ойланып, жұптасып, бөліседі.

  • «Мәскеуліктерді құртқан пәтер мәселесі» деген екен баяғыда

белгілі орыс жазушысы Булгаковтың пікірінің астарында қандай қазақ халқының өзекті мәселесі жатыр?

  • «Бермесең, бермей-ақ қой баспанаңды...» дегені бар бірде

Қасым ақынның күйіненен қандай түйткілді мәселе көрініс табады?

  • «Айхай, өз үйім» дейтін күннің неге қарасы алыс?!
  • «Пәтер жалға беріледі» дегеннен көз сүрінуінің себебі неде? Қазіргі заманмен байланыстырыңыз.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.

№2 тапсырма. Шығармада көтерілген мәселелерді фишбоун әдісі арқылы талдайды.

Дескрипторларға сай бағалау жүргізеді.

  • Шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады

Шығармадағы заман бейнесі мен қазіргі заман бейнесін бағалайды.

№3 тапсырма. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды.

Шығармадағы заман көрінісі

Қазіргі заман көрінісі

Ерболаттың шығармашылығы жөнінде сөз қозғағанда, «Пәтер іздеп жүр едікке» соқпай кету қиянат болар еді. Жазушы өз дәуірінің шындығын қаламына азық қып, өмірдің өнердегі, сөз өнеріндегі бейнесін бедерлейді десек, әңгімеден пәтер жалдап тұрудың әлеуметтік ауыртпашылық-азабын ғана емес, психологиялық қыспақ-салмағын да сезінгендей болдық. Қала жағалаған қазақ жастарының басындағы айтулы мәселенің бірі һәм бірегейі – осы. Нәпақасын қайырымсыз қаладан іздеген қазақ үйелменінің басындағы бар жағдай. Бір ғана отбасы емес, жүздеген жанұяның жан-айқайы.

Пәтер жалдаудың әурешілігін күн сайын терең сезінетін қазіргі көп оқырман үшін бұл шығарма, шынында да, жан-дүниесін алай-дүлей күйге түсіріп, көзіне еріксіз жас үйіретін психологиялық туынды деуге болады. Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» атты бір ғана әңгімесінің өзінде жалпыадамдық-гуманистік құндылықтардың аяққа тапталып, игі де ізгі қасиеттердің нарықтың заманның болмашы байлығы жолында жойылып жатқанын жақсы жеткізе білген. Пәтерақыңды уақытылы төлемесең, үй иесіне қажетің шамалы. Тек үй иесі ғана емес, көк қағазың болмаса, қоғам үшін де көк тиын құрлы құнсызсың. Абай айтатын қазақы қағиданың беті теріс айналып, «ар ойлама, пайда ойла» дейтін деңгейге құлдырап бара жатқанымызды іштей мойындайсың. Мойындатады. Жазушы қаламының құдіреті де осында болса керек.

Менің берер бағам

Дескрипторларға сай бағалау жүргізеді.

  • Шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады
  • Шығармадағы заман бейнесі мен қазіргі заман бейнесін бағалайды.Кері байланыс алынады.

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/22821/

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу