Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11 сынып

Бөлім: Заман шындығы

Сабақтың тақырыбы

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Оқу мақсаттары

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;

 Сабақтың мақсаты

Шығарманың ерекшелігін ажыратады;

Өзге жанрлармен салыстырады.

 Бағалау критерийлері

Жанрлық ерекшелікті анықтайды;

Шығарманы өзге жанрлармен салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

 Пәнаралық байланыс

Тарих, психология

 Алдыңғы білім

Б.Мұқай шығармашылығы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау, топқа бөлу)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

3 минут

ІІ.Қызығыушылықты ояту

«Жетім бұрыш» дегенді қалай түсінесіз?

Елімізде 2,5 миллион қазақ баспанаға зәру. Демек, 2,5 миллион адам Қазақстанда  "квартирант" болып жүр.  Бұл - Қазақстан халқының 14 пайызы.

Мақсат қою

3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.

Жаңа материалды игеру

4 минут

10+6 минут

14 минут

ІІІ. Мағынаны тану

Баяғыда Жиренше шешен салтанатты хан сарайынан қырық жамау лашығына оралғанда «Қайран менің өз үйім – кең сарайдай боз үйім» деп масаттанады екен. «Өз үйің – өлең төсегің». Алайда, бүгінгі Жиренше шешеннің ұрпағы «кең сарайдай боз үйге» емес, шағын баспанаға жете алмай, бас ауыртып жүр. Ауылдан келген қазақты жатырқаудың басы да осы баспана төңірегінен басталады.

«515» әдісі

Сипаттамасы: Оқушылар әңгіме бойынша 5 минутта 1мәселе бойынша 15 идея айтуы тиіс.Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізеді.

SWOT-ТАЛДАУ

( Strengths ағылшын сөздерінен қысқарған— күшті жақтары;

Weaknesses — әлсіз жақтары;

Opportunities — мүмкіндіктері;

Threats — қауіптер). Баламаларды салыстырудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі;

Оқушыларға салыстыру мақсатында

    • топқа Жеңіс Есейұлының

«Пәтерақы уақтылы бер, сұратпа!» өлеңі

3-4 топқа « Пәтер іздеп жүр едік...» әңгімесі беріледі.

Екі шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады.

Поэзия жанры

Проза жанры

жанры

жанры

түрі

түрі

формасы

формасы

Тақырыбы

Тақырыбы

Идеясы

Идеясы

Автор қолданысы

Автор қолданысы

Мысалы; өлеңнің күшті жақтары:

Қоғам шындығы анық жазылған.

Өлеңнің формасына сай жазылған: буын,бунақ, ұйқас т.б

Бағалау дескрипторы:

Шығарманың жанрын анықтайды;

Туындының жанрлық ерекшелігін талдайды;

Тақырыбын, идеясын ажыратады;

Автор қолданысын түсінеді.

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ойтолғаныс

Қазақстандағы баспанасыздар саны күн санап артып келеді. Бұл мәселе түбегейлі шешілуі мүмкін ба?

«Қолжетімді баспана» расымен де қолжетімді ма?

Сабақтың соңы

Кері байланыс «3-2-1»

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үй тапсырмасы

Тұрғын үй бағдарламасының маңызы мен мақсаты

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу