Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ.


1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Баққожа Мұқай шығармашылығымен таныссыз ба?
  • Сіздің ойыңызша, Баққожа Мұқай оқырмандарына қандай шығармалар ұсынды? Неліктен?
  • Өмірзая сөзінің мағынасы қандай? Қандай дәлел келтіруге болады?
  • «Өмірзая» романында қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?
  • Қалай ойлайсыз, Баққожа шығармаларының ұрпақ үшін құндылығы неде?

2-тапсырма. Берілген тұжырымдар бойынша өз ойларын ортаға салады.

  • «Б.Мұқайдың «Өмірзая», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларындағы тоталитарлық дәуірдің шындығы».
  • «Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі».

3-тапсырма. Оқушылар шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды.

А) Шығарма сюжеттік-композициялық құрылымы:

  • сюжеттің басталуы;
  • сюжеттің байланысы;
  • сюжеттің дамуы;
  • сюжеттің шиеленісуі;
  • сюжеттің шарықтау шегі;
  • оқиғаның шешімі.

Ә) Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.

«Өмірзая» шығармасының жанрлық ерекшелігі

1

2

3

4

5

Бағалау. «Табыс баспалдағы»

Дескриптор:

  • тұжырымдар бойынша пікірлерін білдіреді.
  • шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды;
  • шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс

Оқушылар сабақты бекіту мақсатында берілген кестені толтырады.

Тақырыптың өзектілігіне ұқсас шығармаларды атаңыз.

Автор өмір сүрген заман көрінісіне сипаттама беріңіз.

Ортақ мәселені қазіргі заман көрінісімен қалай байланыстырар едіңіз?

Әңгімедегі көркемдік шешімге қандай баға берер едіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу