Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі . Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11 сынып

Бөлім: Заман шындығы

Сабақтың тақырыбы

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Оқу мақсаттары

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

 Сабақтың мақсаты

Шығармадағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіре отырып, эссе жазады.

 Бағалау критерийлері

Көтерілген мәселені анықтайды;

Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Эссе талаптарына сай жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

 Пәнаралық байланыс

Тарих, психология

 Алдыңғы білім

Е.Әбікенұлы шығармашылығы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау, топқа бөлу)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

3 минут

ІІ.Қызығыушылықты ояту

Әйгілі ақын Қасым Аманжоловтың жары Сақыпжамал апай отау құрғаннан соң баспана жағынан қиыншылық көргендерін, бір бөлмеде кәрі анасы, өздері, балалары тұрғандығын айтады. Сол кезде Қасым өлеңді алдына чемодан қойып жазады екен. Үй сұрап ашпаған есігі қалмайды. Нешеме бастықтар біріне - бірі сілтейді, ақырында ашынған ақын бір шумақ өлең жазып, машинисткаға береді. Машинистка да үйден таршылық көріп жүрген адам болуы керек, өлеңді көп данамен таратып жібереді. Сол өлеңнен бір үзінді мынау:Бермесең, бермей - ақ қой баспанаңды,Сонда да тастамаймын астанамды.Өлеңнің отын жағып жылытармын,Өзімді, әйелімді, жас баламды.

Баспана мәселесі - отау құрған жас отбасыларды ғана емес, талай халықтың аузында жүрген таланттар мен топта озған тұлпарлардың да адымын тұсаған өзекті мәселе.

Мақсат қою

3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.

Жаңа материалды игеру

6 минут

20минут

ІІІ. Мағынаны тану

Ерболат Әбікенұлы кім?

Жазушы. «Қыжыл», «Кіші ғылыми қызметкер», «Ақын», «Министр» «Пәтер іздеп жүр едік» т.б қоғамдағы ащы шындықты арқау еткен әңгімелері бар.

Баспана мәселесі барлық елдерде бар. Дегенмен Америкалықтар орта есеппен 54 шаршы метрлік пәтерді екі жылға жетер-жетпес уақытта сатып ала алады. Ал Германияда мұндай баспана сатып алу үшін жеткілікті қаражат жинау мерзімі – 4,5 жыл, Ұлыбритания мен Жапонияда – 6 жыл, Франция мен Италияда шамамен 7 жыл. Ал Қазақстан, Ресей мен Белоруссияда – 8-8,5 жыл деп есептелген. Қоғамның қай кезеңінде болсын елімізде баспана мәселесі тоқтаған емес. Жалпы баспана мәселесін шешуге болады ма? Баспана мәселесінің туындау себептері қандай? Мәселеге қатысты ойыңызды қамтып , өзіндік көзқарас тұрғысынан «Үйі жоқтың күйі жоқ» тақырыбында эссе жазыңыз.

Бағалау дескрипторы:

Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады;

Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Эссе талаптарын сақтайды.

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ойтолғаныс

Егер сіздің қолыңызда мүмкіндік болса, баспана мәселесін қалай шешер едіңіз?

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс « Көңіл-күй термометрі»

Менің сабақтан алған әсерім...

Шығармадан түйгенім.....

Үй тапсырмасы

Тұрғын үй бағдарламасының маңызы мен мақсаты

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу