Заман шындығы. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.


Оқу мақсаты:

11.1.3.1. көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақтың мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді жинақтай отырып, даралап өмір шындығын көрсету;

Бағалау критерийі:

Шығармадағы кейіпкерлерді жинақтау арқылы өмір шындығын көрсетеді.

Т. Шығарма идеясына сай кейіпкер бейнесіне талдау жасаңыз:

1-топ.

Басты кейіпкер бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

2-топ.

Қайынағасының бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

3-топ.

Келіншегінің бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

4-топ.

Пәтер беруші әйелдің бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру

арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

5-топ.

Осы замандағы қазақ халқының бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

 ТЖ. "Кейіпкермен кездесу"

Кездесуге неге осы кейіпкерді таңдадыңыздар?

Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіздер?

Сіздердің ойларыңызша, кейіпкер қандай жауап беруі мүмкін?

Неге олай ойлайсыздар?

Кейіпкердің жауап бере алмауы мүмкін бе?

Неге олай ойлайсыздар?

Дескриптор

Кейіпкерлер бейнесін талдайды;

Кейіпкерлер образына енеді;

Образдар жүйесін анықтап, дәлелдер келтіреді.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?

Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу