Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 25 сабақ.


О.Бөкей «Атау кере» романы

Тапсырма. Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» повесінің композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқаулық:

Қиық қағаздардағы үзінділер мен композициялық деталь терминдерін сәйкестендіріңіз.

Үзіндінің астарлы мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Романдағы цитатаның қызметін ашады;

Үзіндідегі пейзаждың қызметін ашады;

Үзіндідегі интерьердің қызметін ашады;

Үзіндідегі портреттің қызметін ашады;

Үзіндідегі психологиялық күйінің қызметін ашады;

Үзіндідегі кейіпкердің алған әсерінің қызметін ашады;

Үзіндідегі кейіпкердің рефлексиясының қызметін ашады.

Шығармадан үзінді

Композициялық деталь

Астарлы мағынасы

«Ара жасаған қоғамдық өмірдіңдеңгейіне жету үшін, адам баласыныңалдында әлі талай ұзақ жол жатыр». (Матерлинк). Көптен кеткен көмусіз қалар. (Xалық нақылынан).

Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол;

Аулалары биік еді. Ауласын тақтаймен биік етіп қоршап, ішінде атан сойып жатсаң да тірі пенде көре алмайтын үйлер бұл ауылда жеке дара емес. Ағаш қақпасы қаңқ етіп жабылған соң, жабығынан да сығалай алмайсың. Білгеніңді істе.

Көкбестінің арқасындағы тепсе темір үзетін төртбақ жігіт қана салмақ болып келе жатқан жоқ-тын; көкбестінің белінде әрқайсысы елу килограмм тартар екі сүйретпе бал бар еді. Ал дүниеде балдан тәтті әрі ауыр нәсте жоқ.

Ерік алғашында жан-жағына жалтақтап қарап, тұла бойын қорқыныш па, әлде жан сыздатар жалғыздық па,— өзі де біліп, сезе бермес өзгеше бір мұңлы хал тұтқындап, өз үйінен өзі жерігендей жиіркене меңірейіп тұрып қалған.

Еріктің туған ауылынан кеткеніне, сонда да мүлдемге емес, үш-ақ жыл болса да, өзін осыншалық жат, өзгеше бір өгейлікпен қарсы алады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірген жоқ.

Екінші қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. «Моп-момақан,— деп күбірледі,— ішіне кірші, ордалы жылан секілді».

Әлі есімде, ауылда разнорабочий болып жүрген кезімде, жүз сом ақша аса қажет болды. Сұрамаған адамым қалмады, құдай-ау, біреуі бір сом бермеді ғой. Әне, сол кезде ант бергем: «Егер жер басып жүрсем, мұқым ауылды сатып алатын ақша табармын»,— деп. Сол арманыма жеттім, енді маған ештеңе қорқынышты емес.

Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды. Айналуы сол екен, арғы жиектегі Қызға зымырай ұшқан. Ұшқан қалпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не болғанын білмей сасып қалған Қыз қолындағы екі бүктелген қамшымен сескене салып қалғанда, енді ғана арманына жеткен «Ерік-Сона» қанатын серпуге шамасы жетпей, тырапай асып домалап түскен... мәңгілікке...

Қатын суының айлағындағы керемет үй, көл…

Тапсырма. Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романындағы авторлық ұстанымды анықтау.

Нұсқаулық:

Қиық қағаздардағы үзінділер мен композициялық деталь терминдерін сәйкестендіріңіз.

Үзіндінің астарлы мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Авторлық ұстанымды көрсетеді;

Авторлық ұстанымға үзінділерден дәлел келтіреді.

Тапсырма. Сұрақтар жауыны әдісі

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы құндылықтарды дәлелдеу

Нұсқаулық: Сұрақтарға жауап беріңіздер;

Қалай ойлайсыз, автор Ерікке көзқарасы қандай? Неге?

Автордың ойынша, адамзатқа қандай өмір салтын ұстанған дұрыс? Неге?

Сіз автордың пікірімен келісесіз бе? Неге?

Дескриптор:

Автор құндылықтарын көрсетеді;

Құндылықтардың маңыздылығына аргумент келтіреді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу