Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 25 сабақ.


Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 11

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова Ақгүл Ақбердіқызы

Бөлім тақырыбы

Кеңістік пен уақыт

Сабақ тақырыбы №1

О. Бөкей «Атау кере» романы

Оқу мақсаты

11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы:

О.Бөкей «Атау кере» романының композициялық ерекшеліктерін айқындау;

Оқушылардың көпшілігі:

О.Бөкей «Атау кере» романындағы авторлық ұстанымды анықтау;

Оқушылардың кейбірі.

Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы құндылықтарды дәлелдеу

Бағалау критерийлері

Романның композициялық детальдарын көрсетіп, қызметін ашады;

Романдағы автордың өмірлік ұстанымын көрсетеді;

Оралхан Бөкейдің құндылықтарының маңыздылығын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар 

Дағдыларды дамыту:

анализ және интерпретация, сыни ойлау, топта жұмыс жасау

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Атау керек, омарта, құлдау, аманат

Талқылау сұрағы:

Ұлтымыз атау кересін ішіп жүрген жоқ па?

Құндылықтарды қалыптастыру 

Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық

Ресурстар

Мәтіндер, таратпа материалдары, оқулық

Оқыту

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Саралау тәсілдері

Қалыптастырушы бағалау тәсілдер

Сабақ басы

5 минут

Тапсырма: «Бір минут» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру және топқа бөлу

  • Оқушылар қорапшадан кейіпкер есімі жазылған қиық қағазды алады да, сол бейненің мінез-құлқы бойынша бір минут айтыңыздар.
  • Өзге оқушылар, бұл қай кейіпкер екенін табады.
  • Дорбадан лото сандарын алып шығыңыздар.
  • Сандарға қарай топқа бөлініңіздер. («Нүрке кемпір», «Таған», «Айна», «Ерік»)

Мақсаты: Сабақтың тақырыбын болжату

Нұсқаулық: Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Оралхан Бөкейдің «Атау керек» шығармасының жанры қандай?

Романның қандай жанрлық белгілерін білесіздер?

- Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?

- Сабақ мақсатын оқыңыздар;

- Сабақ мақсаты бойынша бағалау критерийлерін жасап көріңіздер;

-Менің ұсынып отырған бағалау критерийлерімен салыстырыңыз.

Мұғалімнің қолдауымен бағыттаушы сұрақтар қоямын. Сұрақтар топта талқыланады.

«Ауызша бағалау» әдісі. Оқушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы.

 

Сабақ ортасы

15 минут

10 минут

7 минут

Тапсырма. Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романының композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқаулық:

Қиық қағаздардағы үзінділер мен композициялық деталь терминдерін сәйкестендіріңіз.

Үзіндінің астарлы мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Романдағы цитатаның қызметін ашады;

Үзіндідегі пейзаждың қызметін ашады;

Үзіндідегі интерьердің қызметін ашады;

Үзіндідегі портреттің қызметін ашады;

Үзіндідегі психологиялық күйінің қызметін ашады;

Үзіндідегі кейіпкердің алған әсерінің қызметін ашады;

Үзіндідегі кейіпкердің рефлексиясының қызметін ашады.

Шығармадан үзінді

Композициялық деталь

Астарлы мағынасы

«Ара жасаған қоғамдық өмірдіңдеңгейіне жету үшін, адам баласыныңалдында әлі талай ұзақ жол жатыр». (Матерлинк). Көптен кеткен көмусіз қалар. (Xалық нақылынан).

Цитата

Адамдар арасындағы бірлікті, ынтымақты насихаттайтын даналық сөздер.

Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол;

пейзаж

Екі ауылдың арасындағы байланыстың тым әлсіз екенін, өмір өзенге екі түрлі қарайтын адамдардың қарама-қарсы ұстанымын көрсету.

Аулалары биік еді. Ауласын тақтаймен биік етіп қоршап, ішінде атан сойып жатсаң да тірі пенде көре алмайтын үйлер бұл ауылда жеке дара емес. Ағаш қақпасы қаңқ етіп жабылған соң, жабығынан да сығалай алмайсың. Білгеніңді істе.

интерьер

Адамдардың оңашаланған, бір-бірін жатсынған өмір тіршілігінің символы.

Көкбестінің арқасындағы тепсе темір үзетін төртбақ жігіт қана салмақ болып келе жатқан жоқ-тын; көкбестінің белінде әрқайсысы елу килограмм тартар екі сүйретпе бал бар еді. Ал дүниеде балдан тәтті әрі ауыр нәсте жоқ.

портретті

Астындағы атына екі жүз килограмдай артып, табысы үшін қинап келе жатқан, обалды білмейтін жігіт бейнесі сомдалған.

Ерік алғашында жан-жағына жалтақтап қарап, тұла бойын қорқыныш па, әлде жан сыздатар жалғыздық па,— өзі де біліп, сезе бермес өзгеше бір мұңлы хал тұтқындап, өз үйінен өзі жерігендей жиіркене меңірейіп тұрып қалған.

психологиялық күйі

Кейіпкер ішкі әлемінде барлығынан жатсыну, жатырқау байқалады.

Еріктің туған ауылынан кеткеніне, сонда да мүлдемге емес, үш-ақ жыл болса да, өзін осыншалық жат, өзгеше бір өгейлікпен қарсы алады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірген жоқ.

алған әсері

Туған ауылдастарының барлығына соншалықты жат болуы

Екінші қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. «Моп-момақан,— деп күбірледі,— ішіне кірші, ордалы жылан секілді».

кейіпкердің рефлексиясы

Кейіпкердің өзгелер туралы жаман ойы өзінің жаман ниетін көрсетеді.

Әлі есімде, ауылда разнорабочий болып жүрген кезімде, жүз сом ақша аса қажет болды. Сұрамаған адамым қалмады, құдай-ау, біреуі бір сом бермеді ғой. Әне, сол кезде ант бергем: «Егер жер басып жүрсем, мұқым ауылды сатып алатын ақша табармын»,— деп. Сол арманыма жеттім, енді маған ештеңе қорқынышты емес.

Кейіпкерлердің естеліктері

Еріктің адамдардан көңілі қалуы, өмірлік ұстанымының қалыптасу себебі ашылады.

Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды. Айналуы сол екен, арғы жиектегі Қызға зымырай ұшқан. Ұшқан қалпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не болғанын білмей сасып қалған Қыз қолындағы екі бүктелген қамшымен сескене салып қалғанда, енді ғана арманына жеткен «Ерік-Сона» қанатын серпуге шамасы жетпей, тырапай асып домалап түскен... мәңгілікке...

Қатын суының айлағындағы керемет үй, көл…

Кейіпкер елесі

Жалғыз қалған Еріктің жыданып кетуін көрсетеді.

Тапсырма. Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романындағы авторлық ұстанымды анықтау.

Нұсқаулық:

Қиық қағаздардағы үзінділер мен композициялық деталь терминдерін сәйкестендіріңіз.

Үзіндінің астарлы мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Авторлық ұстанымды көрсетеді;

Авторлық ұстанымға үзінділерден дәлел келтіреді.

Жауап кілті

Тапсырма. Сұрақтар жауыны әдісі

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы құндылықтарды дәлелдеу

Нұсқаулық: Сұрақтарға жауап беріңіздер;

Қалай ойлайсыз, автор Ерікке көзқарасы қандай? Неге?

Автордың ойынша, адамзатқа қандай өмір салтын ұстанған дұрыс? Неге?

Сіз автордың пікірімен келісесіз бе? Неге?

Жауап кілті:

Автор Еріктің өмір салтын сынайды, сондай адамдардың көбейіп ара жатқанынына қынжылады.

Автордың ойынша, адамзат гуманистік, ұлттық, жеке құндылық өзара үйлесімде болуы тиіс. Сонда ғана адамзат қоғамы бақытты бола алады.

Мен автордың пікірімен келісемін, себебі адам табиғатынан әлеуметтік жаратынды және адамдар бір-біріне керек.

Дескриптор:

Автор құндылықтарын көрсетеді;

Құндылықтардың маңыздылығына аргумент келтіреді?

Ресурс ретінде шығарма үзінділерін, композициялық деталь терминдерін ұсынамын. Тапсырма жұптық жұмыста орындалады.

Ресурс ретінде кесте, адыңғы кестедегі үзінділерді ұсынамын. Тапсырма жұптық жұмыста орындалып, оқушылар өзара қолдау көрсетіледі.

Тапсырманы шығармашылық қабілеті бар оқушылар өз еркі бойынша орындайды.

«Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар дескриптор бойынша бір-біріне кері байланыс береді. Соңында мұғалімнің жауап кілтімен тексереді.

"Аялдама" әдісі арқылы оқушылар дескриптор бойынша бір-біріне кері байланыс береді. Жауаптарын мұғалімнің ұсынған жауап кілтімен тексереді.

Дескриптор арқылы оқушылардан кері байланыс береді.

Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия: "Шабадан, еттарқыш, қоқыс" әдісі

Чемодан – мен ..... сияқты қасиеттерді бойыма сіңіруге тырысамын.

Еттартқыш- .... кейіпкерінің іс-әрекеттері туралы ойланамын.

Қоқыс жәшігі - .... сияқты мінезден аулақ болуға тырысамын.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Саралау. Көбірек қолдау үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктейсіз?

Қалыптастырушы бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік тексеру. АҚТ қолдану. Құндылықтарға сілтеме

Мұғалімнің қолдауымен бағыттаушы сұрақтар қоямын. Ресурс ретінде мәтіннен үзінді ұсынамын. Ресурс ретінде әдебиет лотосын ұсынамын. Ресурс ретінде салыстыру кестесін ұсынамын.

«Ауызша бағалау» әдісі. Оқушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы кері байланыс береді. "Жапондық бағалау" әдісімен дескриптор бойынша бағалайды.

Сабақ тарих және қазақ тілі сабағымен байланысты. Кесте, ғаламтор, PowerPoint сияқты ақпараттық коммуникативті технологияларды қолданамын. Денсаулықтарына қауіпті ештеңе қолданылмайды. Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық мәтін мазмұны рқылы іске асырылады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары шынайы құрылды. Сыныпта «Бір минут»әдісі арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырдым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу