Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 24 сабақ.


О.Бөкей «Атау кере» романы

Оқу мақсаты

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;

Оқушылардың барлығы:

О.Бөкей «Атау кере» романының көркемдегіш құралдардың қызметін ашу;

Көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланысын дәлелдеу.

Оқушылардың көпшілігі:

О.Бөкей «Атау кере» романының идеялық құндылығын ашу;

Оқушылардың кейбірі:

Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы автордың тілдік ерекшелігіне баға беру.

Бағалау критерийлері

Көркемдегіш құралдар түрін табады;

Көркемдегіш құралдар мағынасын ашады;

Көркемдегіш құралдардың ортақ мағынасын анықтайды.

Роман идеясының маңыздылығын көрсетеді;

Автордың шығарманың астарлы ой берудегі шеберлігін көрсетеді.

Тапсырма:

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романының көркемдегіш құралдардың қызметін ашу; Көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланысын дәлелдеу.

Нұсқаулық:

Берілген үзінділерден көркемдеуіш құрал түрін анықтаңыз, астарлы мағынасын ашыңыз.

Дескриптор:

Троп пен фигура түрін табады;

Символдардың мағынасын түсіндіреді.

Шығармадан үзінді

Көркемдегіш құралдар түрі

Астарлы мағынасы

Мүдде мен

авторлық ұстаным

Ортақ идея

Ал дүниеде балдан тәтті әрі ауыр нәсте жоқ.

Метафора

Бал – дүние қызығының, дүниенің символы.

Жеке мүдденің маңыздылығы

Адам өмірінде жеке, ұлттық, адами мүдденің үйлесімді өрбуі маңыздылығы

Шындық та ішіп кетті. Маскүнем болды. Шындық жылады! Қор болды! Түрмеге қамалды!

Метафора

Маскүнемдік – әлсіздік, өмірдің, тағдырдың қиындықтарынан жеңілу символы. Таған - қазақ ұлтының, салт-дәстүрінің, тарихының жеңілуін білдіретін символ.

Ұлттық мүдде үшін налу

Ерік образы:

Не орыс емес, не қазақ емес, өгей неме..

- Сен секілді кергіген кесірлерді көргенде, жауды жеңгеніме өкінем...

«Осыншалық бал мен мал жинап, қай бала-шағасын асырай алмай жанталасады екен»

Метафора

Ешқандай жақты ұстанбаған, өз құлқынына ғана табынған, қасиетсіз тұлға.

Жеке мүдденің өктемдігіне наразылық

Кешір досым, әйелімнің білегі кеудемде жатпаса, көз іле алмаймын. Сен батқан батпаққа мен де батқанмын, жуып-шайып адам қатарына қосқан — Марфа.

Дүниедегі ең киелі нәрсе — әйелге берген ант.

Метафора

Әйел - ана, ұлттың өзегі, ұлт үміті.

Ұлттық мүдденің жандануына үміт

НЕГЕ БІЗ ОСЫ ҚАТЫГЕЗ ДЕ, ҚАСИЕТСІЗ БОЛЫП КЕТТІК... НЕГЕ БІЗ ОСЫ..

Қайталау

Қайталаулар арқылы осы сұраққа оқырман назарын аудару

Адами мүдденің негізін іздеу

Алтайға қоныс аударған «қауіпті гибрид» бүгінде қаулап өсіп, жеке бір ұяны мекендеген. Тегінде, тентек жаратылған жәндік мұндағы тіршілігін шапшаң құрап, тез дамытты. Алтайлық жеңілтектеу ана аралардың біразы шағылысып та үлгерді. Енді, міне, кейбір ұялардан африкаландырылған араның сойқан ұрпақтары бас көтере бастады. Сөйтіп, Алтай — Америка — Африка тұқымдас жаңа, мүлдем таңсық, мінез-құлқын, ата-тегін ешбір омарташы ажыратып та, ұғып та болмайтын «жастар» жаратылды.

Метафора

Екі мәдениеттің, екі дүниетанымның тоғысуынан, аралас некеден туған ұрпақтың ұлттық құндылықтардан гөрі жеке құлқыды бірінші кезекке қоятынын жаңа ұрпақтың құндылықтарынан ұлттық құндылықтардың әлсіреуі туралы күмәні

Ұлттық мүдде үшін қорқынышы

Тәңірім-ау, ат төбеліндей ауыл тайлы-таяғы қалмай маскүнем болып кеткенде, ертеңгі күні не болады, тоз-тозы шығып тозып таусылмай ма? Не білген ойлары бар? Ішімдік деген пәле бұл елге қашан дерт болып жабысты? Қашан? Кейде ойлаймын, осы жұрт атау-кересін ішіп жүрген жоқ па деп. Ал атау-керені — өлер алдында, ақтық демі таусыларда ғана ұрттайтын.

Метафора

«Ұлт жойылу алдында тұр ма?» деген автордың астарлы сұрағы.

Ұлттық мүдде үшін алаңдаушылығы

Айлақта отырған жалқы омартаның түтіні бұл күні шыққан жоқ, тіршіліктің барлығын кемпір өзімен ала кеткендей, өгейсіген өмір басталды.

Метафоралы теңеу

Кемпір алып кетті, өлді, өлгендей тіршілік, өлгендей жан, өгей өмір ассоциациясы арқылы өмірдің мәнін жоғалтқанын көрсету.

Жеке мүдденің адам жаны үшін маңыздылығы

Сандықтың ішінде өзінен жасырған мол «байлық» жоқ екен, тек ең түбінде шетін кестелеген ақ орамалдың орауын жазғанда, өз көзіне өзі сенбеді, адамзатқа бақырая қараған көнетоз иконды қолы қалтырай алып, бұрышқа апарып сүйеп қойды.

Эпитетті метафора

Адам өзін-өзі алдағанмен, өмірдің, табиғаттың шындығы бар.

Адами мүдде адам табиғатын мойындауда

Сөйтіп, енесінің қазасына себепкер болған капиталист шыбынды шырқырата құртқан еді... Амал не, Алтайдың ана аралары олармен әлдеқашан шағылысып, «жауыздардың» ұрпағы анау қаптаған ұяның әрқайсысында қыбырлап жатқанын сезген жоқ еді... Амал не... білген жоқ еді...

Эпитетті метафора

Капиталист шыбын - дүниеқоңыз адамдардың символы. Айна өз бойынан дүниеге құлдықтан босағанмен, дүниенің құлдары көбейіп кетті.

Жеке мүдденің өктемдігі

Әне, көрінді! Сол! Өзі! Ақбоз ат мінген сұлу! Омарташының ғашығы! Аттан түсіп жетелеген күйі, өзен жағасына келді — тым жақыннан көрінді. Қолын бұлғады. Ерікте ес қалмады.

Метафора

Мағынасы: өмірдегі алдамшы қызығы, қиялы.

Жеке мүдденің батырар тұңғиығы

Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды.

Метафора

Мағынасы: адамдарға түк пайдасы жоқ, тек ызыңдаумен айналасына тыныштық бермейтін зиянкер тіршілік иесі.

Жеке мүдденің мағынасыздығы

Тапсырма:

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романының идеялық құндылығын ашу;

Нұсқаулық:

Маслоу прирамидасында кейіпкерлердің орналасқан деңгейін көрсетіңіз.

Дескриптор:

Кейіпкерлерді қажеттіліктері бойынша орналастырады;

Пікірлеріне аргумент келтіреді.

Тапсырма: Шығарға билет.

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы автордың тілдік ерекшелігіне баға беру.

Нұсқаулық: Сұрақтарға жауап беріңіз:

Автор өзінің астарлы ойын жеткізуде қандай көркемдеуіш құралдарды қолданды?

Көркемдеуіш құралдардың астарлы ойлары қандай негізгі ойға тоғысады?

Шығармадағы негізгі ойды не себептен автор соншалықты жасырды деп ойлайсыз?

Жауап кілті

Автор өзінің астарлы ойын жеткізуде метафораны кең қолданды.

Көркемдеуіш құралдардың астарлы ойлары ұлттық, адами құндылықтардың тоқырауы, қоғамнан жатсыну мәселесіне көтереді.

Шығармадағы негізгі ойды не себептен автор соншалықты жасыру себебі – шығарма кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған заманда жазылған.

Тапсырмасы: «Синквейн» әдісі

Мақсаты: Шығарманың идеялық құндылығына гуманистік тұрғыдан баға беру.

Шығарманың идеясына синквейн әдісімен өлең шығарыңыз.

Дескриптор:

Синквейнді «адам» сөзіне құрайды;

Шығарманың гуманистік құндылығын ашады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу