Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 21 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Нұсқа 1

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Кеңістік пен уақыт. О. Бөкей «Атау кере» повесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау

Сабақ мақсаты

Кейіпкерлер образына талдау жасау арқылы автор идеясының өмір шындығын жеткізуіне баға береді.

Бағалау критерийлері

Кейіпкер образына аргументтеу арқылы талдау жасайды.

Кейіпкер бейнесін берудегі автор идеясын анықтайды.

Автор идеясын өмір шындығымен байланысына қатысты тұжырым жасайды.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Образ, өмір шындығы, автор идеясы, кейіпкер сипаты

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

АТҚ қолдануы

Таныстырылым, қойылымнан үзінді

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың сюжеттік желісіне талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

4 мин

Қызығушылықты ояту

«Атау кере» спектаклінен үзінді көреді. 23-29 минут

https://www.youtube.com/watch?v=5KuJtMtzN_0

Ортасы

33 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Ой шақыру сұрағы:

«Будан» тұқымға жататын Ерік пен будан аралардың арасында қандай байланыс бар?

Ойларыңызды Венн диаграммасына салыңыздар.

Ерік Будан ара

Тапсырма 1. Төл сөздердің қай кейіпкерге тән екенін ажыратыңыз. Оның қай оқиғамен байланыстылығын анықтаңыз. Ж.

Үзінді

Кейіпкер есімі

Қай оқиғамен байланысты?

Тазыны адамнан ұстайтын болған ба... Шығады одан, шығады...

Сен өйтіп арыстай азаматтың обалына қалма, білдің бе... Сенің қылығың жөн емес.

Әттең, қазақтардың барлығы сендей болса ғой... Онда айдағанға жүрме ек, айтақтағанға үрмес ек...

Сырғақсып менен жасырып эжүрген сырларыңды баяғыдан білемін.

Әгәр мен елден қашсам, баламның саудайы қылық, арзан қызықтан таза өссін дегенім...

Ара шаққаннан өлген кісінің бейітін көргем жоқ.

Құдай да, адам да кешер бұл ісімізді

Оқушылар жауап кілтімен жазғандарын өзара тексереді.

Үзінді

Кейіпкер есімі

Қай оқиғамен байланысты?

Тазыны адамнан ұстайтын болған ба... Шығады одан, шығады...

Аңшы шал

Таған мен еріктің қайтып келе жатқан кездегі жылқышылардың ауылына аялдаған кезінде

Сен өйтіп арыстай азаматтың обалына қалма, білдің бе... Сенің қылығың жөн емес.

Нүрке кемпір

Еріктің кешкі астан кейін Тағанға сыра құйып берген кезінде

Әттең, қазақтардың барлығы сендей болса ғой... Онда айдағанға жүрме ек, айтақтағанға үрмес ек...

Шолақ қол

Қандауырмен тоғай ішінде күрескен кезінде.

Сырғақсып менен жасырып эжүрген сырларыңды баяғыдан білемін.

Көкен

Аналықтың түн ішінде жасырынып жатқан Нүрке мен баласына жасырынып шығуға бет алған кезінде

Әгәр мен елден қашсам, баламның саудайы қылық, арзан қызықтан таза өссін дегенім...

Шал

Тағанның тау арасында тұратын Шалдың үйіне қонақ болып келген кезінде

Ара шаққаннан өлген кісінің бейітін көргем жоқ.

Ерік

Гилид аралар Нүрке кемпірді талап жатқан кезде

Құдай да, адам да кешер бұл ісімізді

Таған

Айнаны судан құтқарып алған кезде

Оқушылар сандар арқылы 4 оқушыдан түратын топтарға бөлінеді. Әр топтағы оқушы кейіпкер атаулары жазылған қима қағазды таңдайды.

Тапсырма 2. Өзіңізге қатысты кейіпкер сипатын «Аргумент шеңбері» арқылы жан-жақты талдаңыз.

Дескриптор:

-кейіпкердің сипатын ашатын ақпараттарды іріктейді;

-кейіпкерге жанама мінездеу арқылы 5-6 сөзбен мінездеме береді;

-кейіпкердің ең маңызды әрекетін анықтап, маңызды болу себебін түсіндіреді;

-кейіпкердің сөзіндегі ең маңызды цитатаны анықтап, маңызды болу себебін түсіндіреді;

-кейіпкердің шығарманың өн бойындағы көңіл күй өзгерістерін сипаттайды, дәлел келтіреді;

- кейіпкер образы арқылы автордың идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді;

- автор өмір шындығын жеткізу шеберлігіне 3-5 сөйлеммен баға береді.

Кейіпкерлер: Ерік, Таған, Нүрке кемпір, Айна

Оқушылар топта өзге оқушыларға кейіпкер бойынша аргумент шеңберін негізге ала отырып, жұмысын ортаға салады.

Бағалау

Топтағы өзге оқушылар бағалау парағы арқылы оқушының жұмысын бағалайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың аты-жөні

Кейіпкер образына аргументтеу арқылы талдау жасайды.

Кейіпкер бейнесін берудегі автор идеясын анықтайды.

Автор идеясын өмір шындығымен байланысына қатысты тұжырым жасайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда қандай қиындық туды? Оны қалай шештік?

Қай оқушының жұмысы сізге ұнады? Неге?

Венн диаграммасы

Таратпа материал

А3 парақтар, фломастер

Соңы

3 минут

Рефлексия «3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат

2 қиындық тудырған мәселе

1 ұсыныс

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу