Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 20 сабақ.
«Иә, бірақ...»
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашыл эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседетуындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.Әдеби-шығармашыл эсседе әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
Тапсырма. Ұсынылған суреттер мен шығарманы және пікірлерді негізге ала отырып, «О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасының көркемдік құндылығы» деген тақырыпта шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби-талдау эссесін жазыңыз. Көлемі – 200 сөз.
Дескриптор:
-өзіне әсер еткен бір суреттегі бейнені сипаттай отырып, эссенің кіріспесін креативті бастайды.
-шығармаға және кейіпкерлерге баға беру үшін зерттеу еңбегіндегі пікірді негізге ала отырып, көркемдік- идеялық құндылығына өз көзқарасын білдіреді;
-шығарманың көркемдік құндылығын таныту үшін кемінде 7-8 көркемдік қолданысты талдап жазады.
-жазба жұмысының көлемін сақтап, ой бөліктеріне (абзацтарға) бөліп, қорытынды пікір ұсынып, ойын жүйелі жеткізеді.
Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».
Дулат Исабеков
Өмірден ерте кеткенімен артына мол əдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан - дүние тереңіне ой - арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.
Тұрлыбек Мəмесейітов, жазушы, сыншы
"...Бұл жалғандағы ең сорлы нəрсе - өзіңді өзің тұтқындау, өзіңнен өзің қашып құтыла алмау, бұған дейінгі жиіркенішті əрі жаныңды жарылқамай жаралайтын ойсыз қылықтарың мен опасыз əрекеттеріңнен құлан - таза арыла алмау, немесе тазалықтың нарқын бағамдай отырып, рухыңа, болмысыңа, тіпті тəңірім - ау, табиғатыңа жат оғаштықтың ортасында сүңгілесіп жүру емес пе?"
Оралхан Бөкей
Тапсырма 2. Өзіңізге қатысты кейіпкер сипатын «Аргумент шеңбері» арқылы жан-жақты талдаңыз.
Дескриптор:
-кейіпкердің сипатын ашатын ақпараттарды іріктейді;
-кейіпкерге жанама мінездеу арқылы 5-6 сөзбен мінездеме береді;
-кейіпкердің ең маңызды әрекетін анықтап, маңызды болу себебін түсіндіреді;
-кейіпкердің сөзіндегі ең маңызды цитатаны анықтап, маңызды болу себебін түсіндіреді;
-кейіпкердің шығарманың өн бойындағы көңіл күй өзгерістерін сипаттайды, дәлел келтіреді;
- кейіпкер образы арқылы автордың идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді;
- автор өмір шындығын жеткізу шеберлігіне 3-5 сөйлеммен баға береді.
Тапсырманы орындауда қандай қиындық туды?
Берілген ресурстардың қандай пайдасы болды?
РЕФЛЕКСИЯ
1М-.........................................
2М-..........................................
3М-..........................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?