Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 19 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №1

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау тақырыбы

Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей «Атау-кере» романы (Қауіпті будан)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

Сабақ мақсаты:

Шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Слайд, бейнебаян

Бағалау критерийлері:

Романның композициялық ерекшеліктерін анықтайды;

Роман композициясын шебер құрудағы автор стиліне өз көзқарастарын білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: атау-кере, кейіпкерлер, композиция, сюжет т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Оқушыларға «Оралхан Бөкей туралы 10 дерек» атты https://www.youtube.com/watch?v=W-YVIPhqH8U бейнебаян көреді. Бейнебаян бойынша жұбымен пікір алысады.

Оқушылар мұғалім қалауы бойынша топқа бөлінеді.

Оралхан Бөкей

Таңдамалы шығармалары

ҚАЗақпарат

Алматы, 2013ж.

Атау-кере, роман,

753-903-беттер

Сабақтың ортасы

35 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ЖЖ.

Оқушыларға слайдтан «Қазақ тілінің сөздігінен» төмендегі анықтамалар көрсетіледі. Осы сөздердің мағынасын аша отырып, өз ойларын роман жайлы пікірмен байланыстырады.

  • Атау. ІІ Діни. Адамның өлер алдында ішіп-жейтін ең соңғы асы.
  • Атау-кере: атау-кереңді ішкір! Қарғыс. – ішкен-жегенің ас болмағыр.

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/41676/

Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бей-жай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі - ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, ашынған жағдай болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады. «Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды.

2-тапсырма ТЖ.

Оқушыларға Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романына байланысты пікірлер ұсынылады.

1-пікір:

Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдіреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек! 

2-пікір:

О. Бөкей шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушы шығармаларындағы жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақтысы, мезгілі нақтылы көрініс табады. Романды уақыт тұрғысынан бағамдасақ, мұнда жазушы XX ғасыр дертін, кеңестік жүйедегі саналы адамдарды сан мәрте сансыратқан қасаңдықтар тұсын көрсетеді. Жазушы кейіпкер баяндауы арқылы  1930 жылдардағы ашаршылық тұсындағы қым-қуат тірлікке уақыт тұрғысынан тоқталады.

3-пікір:

Оралхан Бөкей уақыт категориясын оқиғаның дамуымен, шиеленісуімен қатар байланыстырады. Кейіпкердің түсі мен ішкі монологын да уақыт пен кеңістікке бағыттайды. Шығармадағы басты мәселе рухани жалғыздықтың кеңістікке әсерін, кеңістіктің жалғыздыққа әсерін керемет астармен шиеленістіреді. Жазушы шығарманы жазу барысында өзінің субъективті қөзқарасын міндетті түрде басшылыққа алды. Жазушының субъективті көзқарасы оның ішкі – "мені". Автордың субъективті көзқарасын кейіпкерлердің философиялық тұжырымдарынан көруге болады.

4-пікір:

Автордың өзіндік толғаныстары шығармада жиі ұшырасады. Шығармадағы "Жер жер болып жаралған күнді ешкім білмек емес, демек, адамзат тіпті өзінің қашан және қалай жаратылғанын тек топшылап айтқаны болмаса, анық-қанығына жете алмады. Бірақ адамзаттың, ұлы да ұятты қасиеті жалғыз бұл ғана емес, емес... Атыңнан айналайын АДАМНЫҢ ең сұмдық қатесі сол - ол, асығыс аттағаны соншама, қайда бара жатқанын және жер бетінен қашан жойылып кетерін білмеуі еді..." "Өз ғұмырында ұйықтауды білмейтін, шыбын руынан шыққан осынау құйтақандай ғана АРАНЫҢ сана-сезімі, түйсігі-түсінігі болмаса да, табиғат жаратқан, біздер үшін беймәлім әрекеті әрқашанда адамдар ақыл-ойынан асып кетеді; өмір сүру, ұрпақ қалдыру ұранына "конструкциясына" қылау түсірмей, өңдеп-өзгертпей, қатып қалған заңын бұзақыланып бұзбай, ғасырдан-ғасырға ұластыруы қайран қалдырар еді; "ой-сана, салт-дәстүрін" бір жұп-жалғыз арнаға түсіріп алған АРАЛАР мемлекетінен адамдардың үйренері ұлан-ғайыр еді;"

5-пікір:

Романда жазушы Тағанның "НЕГЕ БІЗ ОСЫ..." деген лекциясы арқылы өз ойын толық жеткізеді. "Оу, ағайын, ес-ақылдарыңды жиыңдар! БІЗ қатыгезденіп барамыз. БІЗ имансызданып барамыз. БІЗ айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз, бір күнгі қызды-қызды қызыққа мастанып, тасыраңдап кеттік, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып, құрдым дәуреннің әләуләйін шырқап жүрміз; тамаша өмірдің тасқынымен ығып, ығысып ағамыз келіп, ағысқа қарсы жүзу не жағалауға қарай ұмтылу жоқ. Өмір сүрудің ең оңай тәчілін тауып алдық та, жер бетінде өзімізден артық адам жоқтай жоқтан өзгеге сілеміз қатқанша күлеміз, сілікпеміз шыққанша бір бірімізге үреміз. Оу, сондағы мақсатымыз не? Тірі жүру, тіміскі өмір сүру ме?"

6-пікір:

Шығарма кейіпкерлерінің портреті бір-бірімен мейлінше байланыспайды. Шығармада сюжет, әрине, бар. Бірақ автор шығарманы оқиға желісіне орайлатып емес, адамзатқа тән рухани аштық пен жалғыздыққа бағыттаған.

7-пікір

... ол шығармаларына оқиғаны желі етіп алудан бойын аулақ салды. Барлық кейіпкерлері тек ішкі толғаныс арқылы тұлғаланды.

Оқушылар роман композициясына байланысты пікірлерге роман желісінен дәлелдер келтіре отырып, шығарма жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындап, постер дайындайды.

3-тапсырма. Оқушылар өз тапсырмалары бойынша дайындаған постерлерін «Галереяға» іледі. Басқа топтар танысып, толықтырулар, түзетулер енгізіп, комментарий жазады.

4-тапсырма Ж.

«Еркін микрофон»

Оқушылар өз қалауымен шығарманың композициялық ерекшеліктері, жазушы шеберлігіне өз көзқарастарын білдіреді.

А4 парағы, маркерлер, слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

«Автор орындығы» әдісі

«Атау-кере» романының бүгінгі таңдағы маңызын түсіндір.

Мен үшін маңызы ................................................................................................

Жастар үшін маңызы ...........................................................................................

Адамзаттың болашағы үшін маңызы

.........................................................................................

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық бағалау арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың өзге топтармен жұмыс кезінде қимыл-қозғалысына мән беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу