Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 18 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №2

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау тақырыбы

Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей «Атау-кере» роман (Қауіпті будан)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.2.1.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

Сабақ мақсаты:

  • О.Бөкей «Атау кере» проманындағы көркемдегіш құралдардың қызметін ашу;
  • Көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланыстылығын дәлелдеу.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Слайд

Бағалау критерийі:

Көркемдегіш құралдың шығарма идеясымен байланысын ашады.

Роман идеясының маңыздылығын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: атау-кере, кейіпкерлер, композиция, сюжет т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Оқушыларға «Оралхан Бөкей туралы 10 дерек» атты https://www.youtube.com/watch?v=W-YVIPhqH8U бейнебаян көреді. Бейнебаян бойынша жұбымен пікір алысады.

Топқа бөлу

Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді.

Оралхан Бөкей

Таңдамалы шығармалары

ҚАЗақпарат

Алматы, 2013ж.

753-903-беттер

Сабақтың ортасы

35 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ЖЖ.

Берілген үзінділерден көркемдегіш құрал түрін анықтап, шығарма идеясымен байланысын ашыңыз.

Дескриптор:

Көркемдегіш құрал түрін табады;

Көркемдегіш құралдың шығарма идеясымен байланысын ашады.

Шығармадан үзінді

Көркемдегіш

құрал түрі

Көркемдегіш құралдың шығарма идеясымен байланысы

«Есектің еті арам, күші адал» дейді екен қазақтар, ендеше, ара жазғанның тартқаны — бал, шаққаны — у» деп, осына ойдың санасына орала кеткеніне насаттанғандай атқа қонды.

Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін.

Ешкімге қылдай қиянаты жоқ, білімді, алғыр, адал жас адам – Таған айықпас дерт – маскүнемдікке түсті. 

Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. 

Нюра кемпір мен Айнаның адамшылықтан озбаған ықылас, пейілі де дертке дауа, таптырмас ем болғаны рас.

2-тапсырма ТЖ.

«FILA толтыру» әдісі

F /Дерек/шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын көркемдегіш құралдарға мысал жинау

I /Идеясы /– автор идеясы туралы өзінің ой-пікірі,

L /Сұрақ/тақырыпқа қатысты өзін толғандыратын сұрақтар құрастырады;

A /Іс-әрекет/автордың кейіпкерді суреттеуде қолданған тәсілі.

Деректер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Дескриптор:

  • Көркемдегіш құралдарға тың мысалдар табады;
  • Автор идеясын ашады;
  • Сұрақтар құрастырады;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдайды.

3-тапсырма

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Романнан үзінді

Өз үзіндім

Тәңірім-ау, ат төбеліндей ауыл тайлы-таяғы қалмай маскүнем болып кеткенде, ертеңгі күні не болады, тоз-тозы шығып, тозып таусылмай ма? Не білген ойлары бар? Ішімдік деген бұл елге қашан дерт боп жабысты? Қашан? Кейде ойлаймын, осы жұрт атау-кересін ішіп жүрген жоқ па деп. Ал атау-керені – өлер алдында, ақтық демі таусылар алдында ғана ұрттайтын.

  • Еркек адам

есіктен еңселі кірер болар... Ұры иттей жан-жағыңа жалтақтап, жанарыңды түсірме, ұлым. «Ерді кебенек ішінен таны» деген. Ханның сарайына кірсең де, қадіріңді қашырмай, кеудеңді жоғары ұста!

НЕГЕ БІЗ ОСЫ адамзатты тазартпаймыз, а, неге? Жер – ол да алып үй, баспанамыз, олай болса, қағып-сілкіп, желдетіп, шаң-тозаңнан арылтып, дімкәстіктен, арам пиғыл, теріс көзқарас, дүниеқоңыз ниет-пиғылдардан айықтырса ғой.

Бағалау критерийі

Өзіне ұнаған үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазады.

Дескрипторлар:

  • Өзіне ұнаған үзіндіні таңдайды;
  • Үзіндіні өз стилімен қайта өңдеп, креативті жазады;
  • Көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора – 3-2-1) орынды қолданады;
  • «Екі жақты күнделік» кестесін толтырады.

Оқушылар жазбаларын ауысып оқиды. Өздеріне ұнаған жазба жұмысының сәтті тұстарын басқаларға айтып береді

4-тапсырма Ж. «Оймақтай ой»

«Атау-кере» романындағы көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланысы туралы алған ақпараттарыңды қорытындыла.

Оралхан Бөкейдің тіл шеберлігін өзіндік көзқарас тұрғысынан бағалап, 5 сөйлемнен тұратын көркем пікір жаз немесе «Атау-кере» романындағы көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланысы туралы қорытынды ойыңды 2-3 шумақ өлең түрінде жеткіз.

А4 парағы, маркерлер, слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

«3 Қ: қызық, қиын, құнды»

Оқушылар өздері үшін сабақта не қызық, қиын, құнды болғанын айтып, іс-әрекетіне баға береді.

Мұғалім қорытынды кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы:

оқушылар көркемдегіш құралдар бойынша өз бетімен ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық бағалау арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың өзге топтармен жұмыс кезінде қимыл-қозғалысына мән беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу