Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қалыптастырушы бағалау. 16 сабақ.
1-тапсырма Ж.
Ғалымдардың зерттеу еңбектерінен алынған үзінділермен танысып, аузы дуалы адамдардың қос қаламгер туралы айтқан пікірлеріне сүйене отырып, О.Бөкей «Атау кере» романын мазмұндас туынды Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романымен идеялық жағынан салыстыра отырып, әдеби сын жазыңыз.
Оқуға ұсынылатын зерттеу еңбектер:
1. https://turkystan.kz/article/64492-zhal-an-men-zhal-yzdy-zhyrshysy сайтынан филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай «Жалған мен жалғыздық жаршысы»
2. https://www.google.com/search?q=
Г.Ыбырайқызы «О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы герменевтикалық сарындар»
3. Т.Ахметжан «Қазақ прозасының мұзтауы: Оралхан Бөкей» // Қазақ әдебиеті газеті. - Алматы, 5.12.2003.
4. Т..Ахметжан Оралханды ойлағанда ... // Қазақ әдебиеті газеті. 21.09.2004.
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/30388/
«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш - өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді».
Қасым Қайсенов
«Әдебиетіміздің қазіргі аспанын жарқыратып тұрған аяулы жұлдыздарымыздың бірі, ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист Оралхан Бөкей қапыда, қиыр алыста оралмас сапар кешті, біз тіл жетпейтін өкініш кешіп, тағы жылап қалдық».
Ғафу Қайырбеков
«Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура он жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».
Шерхан Мұртаза, 2003 жыл«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде – бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын».
«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».
Дулат Исабеков
«Жазушы Бөкеев – туған өлкесі - әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес».
Рабиға Сыздық
«Цензураның мың ширатылған қызыл жылан жіптерімен қол-аяғы мықтап байланған О. Бөкей кеңесті кемсітудің жолын дәл тапты; ол – қазақты биіктету, рухын ояту... Қаламгер сондықтан да кітаптан кітапқа қазағын Алтайдың асқар шыңына өрлете берді. Ең аяғында, өзі де қасқа құлынын жетектеп, қар жамылған Мұзтаудың ұшар биігінде күнге қасқая қарап, Кербұғыдай қарысып тұрып қалды. Мәңгілікке!..».
Марат Қабанбай
https://adebiportal.kz/kz/news/view/shaitmatov_zhane_kazak_alemi_10_derek__21044
Шыңғыс Айтматовтың алғашқы романы «Боранды бекетті» (1980 ж.) жазу идеясы қазақ топырағында дүниеге келген.
«...Боранды бекет» романының жазылу тарихы, оның сюжетіне түрткі болған экономика ғылымдарының докторы, академик Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов. Шыңғыс Айтматов Люксембургте елші болған кезіндегі екі рет болған кездесуіндегі өзара әңгімелері арқылы жақсы жеткізіпті. Жетпісінші жылдары пойызбен Шыңғыс Мәскеу жақтан келе жатқанда, Қазалы стансасынан қырғызға ұқсас қазақ отырған бейтаныс шалдың әңгімесін негізге алып, "Боранды бекет" повесін жазған. Б.Досманбетов "Сүйем сені, Сыр елі" атты өмірбаяндық деректі кітабында Шыңғыс ағаның сөзін былайша баяндайды: "Міне, сол шал Төретамға дейін 1,5 сағат ішінде "Боранды бекет" романының жалпы желісін айтып берді.»
Қ.Құдайбергенов. «Тағдыр табыстырған қос тұлға» «Әлімсақ» журналы, 25.12.2015ж.
* * *
Ш.Айтматовтың айтқандарынан:
Мынау пәнидің жалғандығына көзі жеткен ол (Бейбарыс) дүние шыр көбелек айналып,ең соңғы иек қағар сәтінде: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық екен» десе керек.
* * *
Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.
* * *
Еңбек сүйгіштік — адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.
* * *
М.Шаханов:
Ол көтерген мәңгүрттену мәселесін алалық,Неге қазір сол қасірет емес мұңлы жаңалық?Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.
* * *
Каныбек Иманәлиев, Қырғыз Республикасы Парламенті, Жоғарғы Кеңес депутаты:
– Шыңғыс Айтматов – бірінші болып мәңгүрттікке қарсы күрескен жазушы. Бұл дегеніміз – екі елдің тағдырын жырлау. Екі елдің достығын Шыңғыстай биікке көтерген тұлға аз. Және бұл Шекспирдің деңгейіндегі трагедия, Шекспирдің деңгейіндегі сүю! Шыңғыстың шығармасы мың қабат, жан-жақты. Мысалы, «Қош бол, Гүлсарыдағы» Гүлсарыны жылқы деп қана түсінсек қателесеміз. Ол – кеңес үкіметі. Ұрандатқан ғұмыры қысқа идеология, мән-мағынасыз өмір кешу, аяғында пішіліп, арықтап өлген Гүлсары секілді құритыны айтылып тұрған жоқ па? Міне, азаттық жолы арзанға келмейді. Шыңғыс шығармаларында ұлттың сана еркіндігі және өзінің ата жолы айқын көрініп жатады. Сөзімнің соңында айтарым қырғыз бен қазақ барда Шыңғыс есімі әр дәйім биікте болмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?