Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 16 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №4

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау тақырыбы

Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей «Атау-кере» роман (Қауіпті будан)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақ мақсаты:

О.Бөкей «Атау кере» романын мазмұндас туындымен идеялық жағынан салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Шығармалардың идеялық, сюжеттік, стильдік ерекшеліктерін салыстырады;

Әдеби сын жанрына қойылатын талаптарды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: атау-кере, кейіпкерлер, композиция, сюжет, әдеби сын, пікірлер т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы, ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. 

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

А4 парағы, маркерлер, слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

5мин

 

 10 мин

 

 

 

 8 мин

2 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ.

«Былғары қолғап» ойыны

Ойын шарты: оқушылар үш адамнан тұратын топтарға бөлінеді: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта әдеби сын-пікір бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырады. Ол қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізеді. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

2-тапсырма Ж.

Оқушылар ғалымдардың зерттеу еңбектерінен алынған үзінділермен танысып, аузы дуалы адамдардың қос қаламгер туралы айтқан пікірлеріне сүйене отырып, О.Бөкей «Атау кере» романын мазмұндас туынды Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романымен идеялық жағынан салыстыра отырып, әдеби сын жазады.

Оқуға ұсынылатын зерттеу еңбектер:

1. https://turkystan.kz/article/64492-zhal-an-men-zhal-yzdy-zhyrshysy сайтынан филология ғылымдарының докторы,  профессор Тұрсын Жұртбай «Жалған мен жалғыздық жаршысы»

2. https://www.google.com/search?q=

Г.Ыбырайқызы «О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы герменевтикалық сарындар»

3. Т.Ахметжан «Қазақ прозасының мұзтауы: Оралхан Бөкей» // Қазақ әдебиеті газеті. - Алматы, 5.12.2003.

4. Т..Ахметжан Оралханды ойлағанда ... // Қазақ әдебиеті газеті. 21.09.2004.

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/30388/

«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш - өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді».

Қасым Қайсенов

«Әдебиетіміздің қазіргі аспанын жарқыратып тұрған аяулы жұлдыздарымыздың бірі, ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист Оралхан Бөкей қапыда, қиыр алыста оралмас сапар кешті, біз тіл жетпейтін өкініш кешіп, тағы жылап қалдық».

Ғафу Қайырбеков

«Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура он жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».

Шерхан Мұртаза, 2003 жыл«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде – бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын».

«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».

Дулат Исабеков

«Жазушы Бөкеев – туған өлкесі - әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес».

Рабиға Сыздық

«Цензураның мың ширатылған қызыл жылан жіптерімен қол-аяғы мықтап байланған О. Бөкей кеңесті кемсітудің жолын дәл тапты; ол – қазақты биіктету, рухын ояту... Қаламгер сондықтан да кітаптан кітапқа қазағын Алтайдың асқар шыңына өрлете берді. Ең аяғында, өзі де қасқа құлынын жетектеп, қар жамылған Мұзтаудың ұшар биігінде күнге қасқая қарап, Кербұғыдай қарысып тұрып қалды. Мәңгілікке!..».

Марат Қабанбай

https://adebiportal.kz/kz/news/view/shaitmatov_zhane_kazak_alemi_10_derek__21044

Шыңғыс Айтматовтың алғашқы романы «Боранды бекетті» (1980 ж.) жазу идеясы қазақ топырағында дүниеге келген.

«...Боранды бекет» романының жазылу тарихы, оның сюжетіне түрткі болған экономика ғылымдарының докторы, академик Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов. Шыңғыс Айтматов Люксембургте елші болған кезіндегі екі рет болған кездесуіндегі өзара әңгімелері арқылы жақсы жеткізіпті. Жетпісінші жылдары пойызбен Шыңғыс Мәскеу жақтан келе жатқанда, Қазалы стансасынан қырғызға ұқсас қазақ отырған бейтаныс шалдың әңгімесін негізге алып, "Боранды бекет" повесін жазған. Б.Досманбетов "Сүйем сені, Сыр елі" атты өмірбаяндық деректі кітабында Шыңғыс ағаның сөзін былайша баяндайды: "Міне, сол шал Төретамға дейін 1,5 сағат ішінде "Боранды бекет" романының жалпы желісін айтып берді».

Қ.Құдайбергенов. «Тағдыр табыстырған қос тұлға» «Әлімсақ» журналы, 25.12.2015ж.

Ш.Айтматовтың айтқандарынан:

Мынау пәнидің жалғандығына көзі жеткен ол (Бейбарыс) дүние шыр көбелек айналып,ең соңғы иек қағар сәтінде: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық екен» десе керек.

* * *

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.

* * *

Еңбек сүйгіштік — адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.

* * *

М.Шаханов:

Ол көтерген мәңгүрттену мәселесін алалық,Неге қазір сол қасірет емес мұңлы жаңалық?Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.

* * *

Каныбек Иманәлиев, Қырғыз Республикасы Парламенті, Жоғарғы Кеңес депутаты:

 – Шыңғыс Айтматов – бірінші болып мәңгүрттікке қарсы күрескен жазушы. Бұл дегеніміз – екі елдің тағдырын жырлау. Екі елдің достығын Шыңғыстай биікке көтерген тұлға аз. Және бұл Шекспирдің деңгейіндегі трагедия, Шекспирдің деңгейіндегі сүю! Шыңғыстың шығармасы мың қабат, жан-жақты. Мысалы, «Қош бол, Гүлсарыдағы» Гүлсарыны жылқы деп қана түсінсек қателесеміз. Ол – кеңес үкіметі. Ұрандатқан ғұмыры қысқа идеология, мән-мағынасыз өмір кешу, аяғында пішіліп, арықтап өлген Гүлсары секілді құритыны айтылып тұрған жоқ па? Міне, азаттық жолы арзанға келмейді. Шыңғыс шығармаларында ұлттың сана еркіндігі және өзінің ата жолы айқын көрініп жатады. Сөзімнің соңында айтарым қырғыз бен қазақ барда Шыңғыс есімі әр дәйім биікте болмақ.

3-тапсырма тж.,ж. «Автор орындығы»

Оқушылар жұмыстарын топтық деңгейге шығарып талдайды. Топтан бір үздік жұмысты таңдап, автор орындығына шығарады. Автор орындығында оқушылар сынып алдында жұмыстарын таныстырады. Қалған оқушылар әр оқушы жұмысын таныстырып болған соң «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия «Блоб ағашы»

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағаштың қай жерінде болдым?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық бағалау арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың өзге топтармен жұмыс кезінде қимыл-қозғалысына мән беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу