Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 15 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ:

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалімдер:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

  • бөлім: Кеңістік пен уақыт

Сабақтың тақырыбы:

О. Бөкей «Атау кере» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

Сабақ мақсаты:

«Атау кере» романына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым, видео, электронды кітап

Бағалау критерийі:

  • Шығарманың композициялық құрылымын анықтайды
  • Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: роман, композициялық құрылым, оқиғаның басталуы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі, жанр, жанрлық ерекшілік.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

«Ой шақыру» әдісі арқылы «Атаукере» сөзінің мағынасы туралы ой шақырады.

Тапсырманы орындап болған соң, жұбымен пікірлеседі.

АТАУ-КЕРЕ зат. 1.діни. Адамның өлер алдындағы ең соңғы асы.

2. ауысп. Тамақ, ас.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Қазақ тiлiнiң бiртомдық үлкен түсiндiрме сөздiгi 2009 ж.

Сабақтың ортасы

34 мин

Мағынаны тану

https://www.youtube.com/watch?v=ChU4-R-7EBk

"АТАУ КЕРЕ" ШЫҒАРМАСЫ ТУРАЛЫ БІЗ НЕ БІЛЕМІЗ?

шағын видео көреді. 5 минут қойылады.

1 тапсырма

О. Бөкей «Атау кере» романының сюжеттік-композициялық жоспарын құрастырыңыз.

2 тапсырма.

Романның жанрлық ерекшеліктерін көрсетіңіз және шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.

Жанрлық ерекшеліктер

Дәлелдер

1.

2.

3.

Дескриптор

  • романның басталуын (кейіпкерлермен, оқиға өтетін жермен, мерзіммен таныстыру) анықтайды;
  • басты оқиғаға түрткі болған оқиғаны (байланысын) анықтайды;
  • басты оқиғаны, оқиғаның дамыған сәтін (шиеленісін) табады;
  • оқиғаның шегіне жеткен тұсын (шарықтау шегін) анықтайды;
  • оқиғаның шешімін табады;
  • романның 3 жанрлық ерекшелігін көрсетеді;

жанрға тән ерекшеліктеріне шығармадан дәлел келтіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=QLfrKQ-qKHI

https://kitap.kz/book/1947/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Сабақтың басында ….

Сабақтың ортасында ....

Сабақтың соңында ....

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу