Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 14 сабақ.


1-тапсырма. Шығармадан берілген үзінділерді оқи отырып, көтерілген мәселелердің бірін таңдап, кестеге салыңыз. ТЖ

... жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады...

Нюра – Нүрке

Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі… біздікі өзіміз үшін.

Айна

Адамзат өз жаратылысында, алғашқы қауымдық құрылыста дейінші, бүгінгі ғылыми-техникалық замандағыдан әлдеқайда көп еңбек етіп, күш жұмсайтын, тек кейін еңбекті жеңілдетеміз деген сылтаумен әр түрлі құрал-жабдық, айла-тәсілдер ойлап тауып, еңбекқорлық қабілетін жоғалта бастады. Тіпті ең қарапайым қажеттілік — тамақ істеп ішудің өзін автоматтандырдық... Қазір біз неғұрлым тұяқ серпіп қимылдамай-ақ, шалқамыздан түсіп жатып шалқар байлыққа кенелтер құрал жасалған сайын, жанымыз жарылқана түседі. Қазір-ақ біз жатып ішер жалқаулықтың бұрынғы-соңды болып көрмеген жаңа дәуірін кешудеміз. Өзіміз ойлап тапқан жеңілдіктер бойкүйездіктің бесігінде әлдилеген сайын маужырап, бойымыз балқып, апиын ішіп алжасқандай, дел-сал, ұйқылы-ояу хал меңдеп барады-ау. Рас, миымыз жұмыс істейді, біліміміз мұхиттай, бірақ бүкіл ағзамыз қимылсыз, қозғалыссыз, тұйық су секілді борсып, бірте-бірте өле бастамағанына кім кепіл. Жо-жоқ, адамзатты жұмаққа жеткізер ақыл-ойы ғана емес, төрт аяқтап хайуандармен бірге жайылып жүрген жерінен алып шығып, сананың сандал көгіне мінгізген қара күші де... Неге біз қол еңбегінен қашқанда, сол қол еңбегі — мұқым еңбек атаулының анасы екенін ұмытып, күрек пен кетпенді, балта мен балғаны музейге қоюға асығамыз. Бәлкім, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш өмір, бейбіт ғұмырдың бойтұмары сол қарапайым еңбек құралдары шығар. Еңсеңді езер еңбек ләззатынан, қол-аяғың салдырап шаршап келіп етігіңді шешуге де шамаң келмей ұйықтаудан рақат не бар бұл жалғанда. Бәлкім, адам факторы — ең бір әлсіреген, техникаға иек сүйеп, еріншек тартқан...

Бағалау парағы

төмен

орта

жоғары

Берілген үзіндіде көтерілген мәселелердің бірін таңдап себеп-салдар айналмасы кестесіне салып талдайды

Талдаған мәселеге өз көзқарасын шығармашылықпен танытады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу