Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Сабақ мақсаты

Қосымша ақпарат көздерінен Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы туралы ғылыми материалдар жинақтай отырып, шығармаға әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері

Қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен танысады;

Шығармаға әдеби сын жазады.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар:

Менің ойымша,_________________________________________

Оны былай түсіндіремін:_________________________________

Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.

1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3.________________________________________________________

Ойымды__________________________деп қорытындылаймын.

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасының мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

«1 минут жаттығуы»

Егер мен ақын болсам...» деген тақырыпта 1 минут сөйлейді.

Автордың орнында болса өздері осы поэманы қалай жазар еді, поэманы қандай тақырыпта жазар еді, сол бойынша өз пікірлерін ортаға салады.

Ортасы

34 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин

Ой шақыру сұрақтары

  • Әдеби сын дегеніміз не?
  • Әдеби сын қандай мақсатпен жазылады?

Мағынаны тану кезеңі

Оқушылар әдеби сын жайлы ақпарат беріледі.

Әдеби сын деген не?

 Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіреді. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.

1-тапсырма:

https://www.youtube.com/watch?v=QBwDzRufOMw (46.34 - 48.44-ке дейін)

Ұсынылған бейнематериал мен Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы туралы жазған Бақытжан Майтановтың «Ақын кетіп барады...» мақаласын оқып, ойларыңызды ортаға салыңыздар.

 

 ...Туған жер, халқы мен ана тіліне деген шынайы, мөлдір көңілді ақын «Дала сенің ұлыңмын» (1975) атты арнайы кітабында ойы, сыры өзектес жырлар арқылы сарқылмай өрнектеді. Мұнда сол дәуірдің әсері де жоқ емес. Бірақ Ж.Әбдірашев уақыттың жұқалтаң талабын күмәнсіз талант жүрек алауымен жеке өміріндегі мағыналы күйге бұра біледі.

 Туған дала,

 Менсіз талай қамалдар

 алыныпты!..

 Сенің арың –

 Маған да ар.

 Кешір мені,

 кеш келіппін өмірге!

 Кеш туыппын!

 кеш қалыппын!

 Не амал бар?

 Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –

 қағаберіс қалмаспын мен,

 енді аса!..

 Бірақ мені кешірме сен,

 өмірде

 өлең қылар өз ерлігім болмаса!..

 Ақын Отан – ордасының шежіресін өз көңілінің айға ұмтылған алыс армандарымен сабақтас түсінеді. Ақылдың тұяғы таймаса, дәлелде шек жоқ. Лирикалық қаһарман қолына найза ұстап жауға шаппай-ақ, тау-тасты кезіп, кен қопармай-ақ, Фараби тәрізді ғылым, білім үшін ата-мекенін тастап кетпей-ақ қазақ қамын мұң еткен еңселі тұлғаға айналады. Өкініші – ақталуы, уәдесі – кепілдеме. Өлең өрнегі мен ой тапқырлығы, шартты түрдегі әңгіменің қызу динамикасы – шығармадағы эстетикалық көрсеткіш.

 Туған дала,

 Тұрдым-ау бүгін де атып!..

 Кешір!

 Түсін!

 Кінә жоқ ұлыңда түк!..

 Қалай ғана шыдаймын –

 көз алдымда жатса біреу

 Шындықты шырылда­ып?! –

 дегенде ақынға түсер тарихи-қоғамдық салмақ-сыбаға айқындала береді. Жарасқанның ерлігі – өлең, парасат пен сезім жауапкер­шілігін қатар ұстаған, сан алуан жан аярлық түрлеріне атой салып, қылышын қынаптан суыратын өршіл де арлы, төрт аяғын тең басқан ереуіл өлең. Атақ, мансап торына шырмал­ғанын естілік санайтын, жалғанды жалпағынан басуды бетке шіркеу көрмейтін то­ғышар психологияның шылауына айналған рухани мүгедектік суреткер намысын қамшылаған:

 Және бір сыр:

 Жүргенде жоталанып,

 аярлықпен айқасқа жеке барып, –

 безінді ме Шындыққа болысудан –

 Өзіңді де құлдыққа сатары анық!..

 Ақынның туған дала тынысымен қатар тербелетін өрелі толғамдары ұлттық сана ұлағатын шешендік үрдіспен ширата бейнелейді:

 Шығармайын дыбысыңды,

 дымыңды, –

 десе де кім,

 өшіре алмайды үніңді.

 Сені мылқау ету үшін,

 әуелі

 кесу керек мына менің тілімді!

 Өжет қазақ, өр қазақ өз тілінде сөйлесін!.. – деп шамырқанатын қаламгер мына тұста халықтық дәстүр, салттың өріс алуына шідер салған заман қыспағына назаланып сөйлеген. Тұтас ұлт-қауымның атынан, азаматтық сенім биігінен үн қату – поэтикалық дайындықтың молдығы ғана емес, ішкі жан қуаты мен дүниетаным тереңдігіне айғақ құбылыс. Қара күштің дүлейлігін кім білсін, нәзік өнер, адал жүрек әлемді апаттан құтқара алады. Поэзияда айтылмаған ой, шырқалмаған сезім аз шығар. Мәселе шахмат тақтасындағыдай ойын өрнегінің өзгеріп отыруында. Әр ақын ортақ үлгіден өзгеше шешім қабылдамақ. Әр ақын өзінше жаңалық ашпақ. Алайда, оның бәрі көкейге қона бермес еді. Ой мен көңілдің де тереңі мен таязы, шынайы һәм жасандысы бар.

Бақытжан Майтанов

2-тапсырма. Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасын Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңімен салыстыра талдап, идеялық, тақырыптық үндестікті, ортақ құндылықтарды анықтап, көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, өз көзқарасыңызды білдіріп 150-180 сөзден тұратын шағын әдеби сын жазыңыз.

Дескриптор:

  • көркем шығармаға эстетикалық баға береді;
  • шығармаға сын жазуда Б.Майтановтың мақаласынан дәлелдемелер келтіреді;
  • «Туған жер» өлеңімен тақырыптық-идеялық үндестігін анықтайды;
  • әдеби шығарманың жетістіктерін саралайды (көркем тілі, образдардың берілуі, сипаттаулар т.б.);
  • автордың пікірімен келіспейтін тұстары болса, талдап көрсетеді;
  • нақты тұжырым білдіріп, 2 сөйлеммен қорытынды жасайды.

Автор орындығы

Ең үздік жұмыс анықталып, сынып алдында «Автор орындығында» оқылады.

Бағалау

Оқушылар жұмысқа «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен баға береді.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиындық тудырды ма?

Оқылған, тыңдалған ақпараттардың көмегі тиді ме?

Қай оқушының жазғаны ұнады? Неге?

Өз жұмысыңызда нені толықтыру керектігін байқадыңыз?

Таратпа қағаз №1

https://adebiportal.kz/kz/genres/view/155

Таратпа қағаз №2

Бақытжан Майтанов «Ақын кетіп барады....» мақаласы https://qazaqadebieti.kz/13914/a-yn-ketip-barady

Қалыптасрыушы бағалау парағы №1

Қалыптастырушы бағалау парағы №1

Соңы

3 минут

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен бүгінгі сабақта...... еске түсірдім.

Маған бүгінгі сабақта..... пайдалы болды.

Маған..... көмек қажет.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу