Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қалыптастырушы бағалау. 11 сабақ.
Оқушының аты-жөні: __________________________________________
Тапсырма: Оралхан Бөкейдің «Атаукере» романындағы әдеби тілді құбылту түрлерін ажыратып талдаңыз.
Дескриптор:
- үзіндіден көркемдегіш құралдарды табады;
- олардың түрін анықтайды;
- беретін мағынасын ашады;
- көркемдегіш құралдардың романда атқарып тұрған қызметін анықтайды;
- көркемдегіш құралдардың идеяны ашудағы рөліне талдау жасайды.
Үзінді | Троп түрі, білдіретін мағынасы | Көркемдегіш құралдың қызметі, идеяны ашудағы рөлі |
Еріктің былтырдан бері ауылға келгені осы. Өзгермеген. Өзгергені өзі ғана секілді, көшеде көрген жұрттың бәрі бұған үрке қарайтындай сезікті сезінді. Бұрынғыдай емес, бұл ауылдың адамдары бұлдана есендесетіндей, бейне бір кісікиік көргендей көздерінің астымен сүзе қарайды, не болмаса байқамағансып, байырқаламай асығыс өте шығады. | ||
Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қыңқ етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көк беттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба деген күнәлы ой түрткілеп мазаны алар еді. | ||
Көтерем сиырдай орнынан әрең көтерілген. Көтерілген соң буынын мықтап тұрып бекітіп алды да: — Танымай тұрмысың, Қарабауыр. | ||
«Иттің ішіне сары май жақпайды» деген-ау. Дегенмен, осы Қарабураны өзі айтқандай көк есек ретінде пайдалансам қайтер еді». Омарташы өз ойына өзі қуанды. | ||
Күн шалмай қағаздай ағарған, әбден әжім айғыздаған жүзі сазара қатып, ерні дірілдеді. | ||
Түпсіз ойдың тұңғиығына тұншыққан Айна қайтадан бетіне қалқып шыға алмай ұзақ отырды. Көзден де, көңілден де баяғыда қашаңдап кеткен жастық дәурен — қыз кезі, бірге өсіп, біте қайнасқан достары, туған-туысқандары есіне түсті. | ||
Екеуі қолтықтасып қатар келе жатқанда көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос-жарандарының бәрі қызыға да қызғана қарайтын. | ||
Рас, Айнаның жан сарайы азанда жауған қардай таза, тұманың суындай мөлдір, балиғатқа толмаған баладай аңқау да адал, жақсы мен жаманның, сұлулық пен сұмдықтың ара жігін ажыратып, өмір екеш өмірдің өміршеңдігі мен өшпенділігін де саналай алатын зейін бар, өзіндік көзқарас пен пайымы да жетерлік; олай болса неге ғана арқандаулы аттай өзімшілдігі басым өгей өмірді таңдады екен; неге ғана бұйығы тірліктің бұйдасын үзіп, мынау бәрі бар, бірақ еш нәрсе жоқ шыңырауда шыңғыра бермей, шырқау биікке ұмтылмайды екен; неге ғана... неге ғана... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?