Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.


«Кім жылдам?» ойыны

Дескриптор

  • Ұсынылған үзінділердің кемінде бесеуін дұрыс сәйкестендіреді.

Кейіпкер

Сөзі

Нүрке кемпір

Екінші қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. «Моп-момақан,— деп күбірледі,— ішіне кірші, ордалы жылан секілді». «Кіндік қаның тамып, тұсауыңды кескен, балалығыңның бал дәурені өткен ата қонысыңа атаңның құны бардай неге өшігесің?» деп, жер-жебіріне жетіп, тәубеге келтірер адам жоқ болған соң, күпір ойға бара береді де...

Таған

- Құдай берді!—деп, орнынан қуана тұрды.— Іздегенім сен едің! «Өлмегенге өлі балық» деген осы, Ерік. Аманбысың, кластасым!

Айна

- Айырмасы көп, апа, — деді ыдыс-аяқты самаурында қалған ыстық сумен жуып отырған Айна.— Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі... біздікі өзіміз үшін ғана.

Шал

Тек түбі тыныш болсын де... Күні ертең жиған-тергеніңе ие болар ұрпағың жоқ болған соң, дүние-боқтың керегі не? Шыр еткенге зар қылған тәңірдің тәлкегіне не дауа...

Ерік

Оның несіне басыңды қатырасың, адам баласының таңдап алған тағы бір ғұмыр жолы да... Дүниенің бәрі дат болып ластанып жатқанда, ағаңның қашып тығылған үңгірі де. Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім жоқ бұл қу мекен жерге; анау екі қозымның амандығын ойлап, солардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бұл жерге; жарықтарымның жас жаны жараланбасыншы, ит тірліктің итаршысына айналып, аумалы-төкпелі заманның зәлімі болып кетпесінші деп келдім бұл жерге; жалғанның үзірінен, бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін опат етер ілім-білімінен не пайда...

Кубизм стратегиясы

СУРЕТТЕ. Ерік, Айна,Тағанның басынан өткен шығарма үзінділерін пайдалана отырып сурет (ассоциация) түрінде ұсыныңыздар.

САЛЫСТЫР. О.Бөкейдің «Атау кере» романы мен Маркес Габриель Гарсианың «Жүз жылдық жалғыздық» романын салыстырыңыздар. Шығармаларда қандай үндестік бар? Екі шығарманың үзінділерін қолдана отырып монолог, өлең, ой толғау түрінде дамытып көріңіз.

ЗЕРТТЕ. «Атау кере» романына заманауи көзқарас тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізіңіздер. Шығармадағы мәселелер қаншалықты өзекті? Қаншалықты шынайы? Романдағы заман бейнесі Қазақстан тарихындағы қай кезеңге тән? Бүгінгі күні бұл мәселе біздің қоғамымызда қалай көрініс тапқан? Тапсырманы мақала түрінде ұсыныңыздар.

ҚОЛДАН. «Атау кере» романының «Неге біз осы?...» деп басталатын жерін алып, автор ойын өз бетіңізше жалғастырып көріңіздер.

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...оқта-текте жылап алмаймыз?.. Неге?

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...итжандымыз, басқа қаңқ еткізіп теуіп жіберсе де, қыңсылаған күйі "иеміздің" етегіне оралып, аяғын жалаймыз.

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...көр соқырдай қалай жетелесе, солай ере береміз... Кім үшін, не үшін өмір сүрерімізді ақыл таразысына салмай сандаламыз. 

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз...

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік?..

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша жиямыз, а?

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы – өтірік өмір сүреміз, а?..ДӘЛЕЛДЕ. Шығармадағы мәселенің өзектілігін, «қауіпті будандардың» салдарының қандай болатынын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, аргументтер келтіріп, авторға хат жазыңыздар.

ТАЛДА. «Атау кере» романындағы көркем тіл қолданысына талдау жасап, шығармадан дәлелдемелер ұсына отырып. Шығарманың тіл сапасын талдай отырып, мақала жазыңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу