Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Оралхан Бөкей «Атаукере» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаты

Көркем шығармалардан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Бағалау критерийлері

  • шығарма кейіпкерлердің сөздерін дұрыс сәйкестендіреді;
  • шығарма үзінділерін пайдалана отырып суреттейді;
  • екі шығарманың үзінділерін салыстыра отырып монолог, өлең, ой толғау түрінде дамытады;
  • шығарманы заманауи көзқарас тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізіп, мақала жазады;
  • шығарманың бөліктерін қолдана отырып, автор ойын жалғастырады;
  • шығармадағы мәселенің өзектілігін дәлелдей отырып, салдарына мысалдар келтіреді;
  • шығарманың көркем тіл қолданысына талдау жасап, мақала жазады.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар:

Менің ойымша,_________________________________________

Оны былай түсіндіремін:_________________________________

Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.

1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3.________________________________________________________

Ойымды__________________________деп қорытындылаймын.

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Атаукере» романының мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Автор орындығы»

Ортаға төрт орындық қойылады. Оқушылар өз қалауларымен ортаға шығып орындыққа отырады. Ұсынылған кейіпкерлер рөліне еніп, сұрақтарға жауап береді.

Кейіпкерлер: Ерік, Таған, Айна, Нүрке кемпір

Ортасы

32 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин

Сынып молекула әдісімен 6 топқа бөлінеді.

Мағынаны тану кезеңі

«Кім жылдам?» ойыны

Оқушыларды білімдерін бекітіп, жинақтап алу мақсатында орындалады. Топтық жұмыс. Топтағы оқушылар аз уақыттың ішінде шығарманы пайдалана отырып, кейіпкерді шығарма үзінділерінен алынған сөздерімен сәйкестендіруі тиіс. Тапсырма уақытқа орындалады. Уақыт аяқталған соң, тапсырманы жалғастыруға болмайды. Тапсырма қима қағаздарды жинау арқылы жүзеге асады.

Кейіпкер

Сөзі

Нүрке кемпір

Екінші қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. «Моп-момақан,— деп күбірледі,— ішіне кірші, ордалы жылан секілді». «Кіндік қаның тамып, тұсауыңды кескен, балалығыңның бал дәурені өткен ата қонысыңа атаңның құны бардай неге өшігесің?» деп, жер-жебіріне жетіп, тәубеге келтірер адам жоқ болған соң, күпір ойға бара береді де...

Таған

- Құдай берді!—деп, орнынан қуана тұрды.— Іздегенім сен едің! «Өлмегенге өлі балық» деген осы, Ерік. Аманбысың, кластасым!

Айна

- Айырмасы көп, апа, — деді ыдыс-аяқты самаурында қалған ыстық сумен жуып отырған Айна.— Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі... біздікі өзіміз үшін ғана.

Шал

Тек түбі тыныш болсын де... Күні ертең жиған-тергеніңе ие болар ұрпағың жоқ болған соң, дүние-боқтың керегі не? Шыр еткенге зар қылған тәңірдің тәлкегіне не дауа...

Ерік

Оның несіне басыңды қатырасың, адам баласының таңдап алған тағы бір ғұмыр жолы да... Дүниенің бәрі дат болып ластанып жатқанда, ағаңның қашып тығылған үңгірі де. Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім жоқ бұл қу мекен жерге; анау екі қозымның амандығын ойлап, солардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бұл жерге; жарықтарымның жас жаны жараланбасыншы, ит тірліктің итаршысына айналып, аумалы-төкпелі заманның зәлімі болып кетпесінші деп келдім бұл жерге; жалғанның үзірінен, бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін опат етер ілім-білімінен не пайда...

Дескриптор

  • Ұсынылған үзінділердің кемінде бесеуін дұрыс сәйкестендіреді.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысын тақтадағы дұрыс жауап нұсқасымен тексереді. Қателіктері болға болса, түзетеді.

Кері байланыс

  • Тапсырманы орындауда не қиын болды?
  • Жұмысты сәтті орындауға не істедім?
  • Топ бірлесе жұмыс істегенін қалай дәлелдеймін?

Кубизм стратегиясы

(деңгейлік саралауға арналған тапсырма)

СУРЕТТЕ. Ерік, Айна,Тағанның басынан өткен шығарма үзінділерін пайдалана отырып сурет (ассоциация) түрінде ұсыныңыздар.

САЛЫСТЫР. О.Бөкейдің «Атау кере» романы мен Маркес Габриель Гарсианың «Жүз жылдық жалғыздық» романын салыстырыңыздар. Шығармаларда қандай үндестік бар? Екі шығарманың үзінділерін қолдана отырып монолог, өлең, ой толғау түрінде дамытып көріңіз.

ЗЕРТТЕ. «Атау кере» романына заманауи көзқарас тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізіңіздер. Шығармадағы мәселелер қаншалықты өзекті? Қаншалықты шынайы? Романдағы заман бейнесі Қазақстан тарихындағы қай кезеңге тән? Бүгінгі күні бұл мәселе біздің қоғамымызда қалай көрініс тапқан? Тапсырманы мақала түрінде ұсыныңыздар.

ҚОЛДАН. «Атау кере» романының «Неге біз осы?...» деп басталатын жерін алып, автор ойын өз бетіңізше жалғастырып көріңіздер.

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...оқта-текте жылап алмаймыз?.. Неге?

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...итжандымыз, басқа қаңқ еткізіп теуіп жіберсе де, қыңсылаған күйі "иеміздің" етегіне оралып, аяғын жалаймыз.

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...көр соқырдай қалай жетелесе, солай ере береміз... Кім үшін, не үшін өмір сүрерімізді ақыл таразысына салмай сандаламыз. 

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз...

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік?..

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша жиямыз, а?

"НЕГЕ БІЗ ОСЫ?..."

...өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы – өтірік өмір сүреміз, а?..ДӘЛЕЛДЕ. Шығармадағы мәселенің өзектілігін, «қауіпті будандардың» салдарының қандай болатынын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, аргументтер келтіріп, авторға хат жазыңыздар.

ТАЛДА. «Атау кере» романындағы көркем тіл қолданысына талдау жасап, шығармадан дәлелдемелер ұсына отырып. Шығарманың тіл сапасын талдай отырып, мақала жазыңыздар.

Өзара бағалау

«Бағдаршам»

Оқушылар әр топтың жұмысын түрлі-түсті бағдаршамдарды көтеру арқылы бағалайды.

Қызыл түс – жұмыс жалпы жаман емес, дегенмен тақырып ашылмады.

Сары түс – жалпы жақсы, дегенмен әлі де жүйелеп, толықтыруға болады.

Жасыл түс – жұмыс жүйелі, тапсырма мазмұны толық ашылды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиындық тудырды ма?

Оқылған, тыңдалған ақпараттардың көмегі тиді ме?

Қай оқушының жазғаны ұнады? Неге?

Өз жұмысыңызда нені толықтыру керектігін байқадыңыз?

Таратпа қағаз

Соңы

3 минут

Рефлексия

Оқушыларға «Блоб» ағашы ұсынылады. Оқушылар сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейі мен көңіл-күйлеріне байланысты рефлексия жасайды.

Сабақтың басы ...

Сабақтың ортасы ...

Сабақтың соңы ...

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу