Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : №2 (І нұсқа)

Мектеп:

Күні : 2019 ж.

Мұғалім: Нурмуханова А.Е.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың жанрын анықтау;

Шығарманың жанрын өзге жанрлармен салыстыру.

Бағалау критерийі:

Әдеби шығарманың тақырыбын, идеясын, сюжетін талдап, жанрын анықтайды.

Шығарманың жанрын басқа жанрлармен салыстырады.

Дескрипторлар:

Шығарманың тақырыбын анықтап, дәлелдейді.

Шығарманың идеясын анықтап, дәлелдейді.

Шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды.

Кейіпкерлердің мінез-құлқына сипаттама береді.

Шығармаға композициялық-сюжеттік талдау жасайды.

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Дала, отан тақырыбы негізінде өзін-өзі тану және қазақ тілі пәндерінде алған білімдерін оқушылар еркін қолдана алады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, ноутбуктер

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Туған дала, өмір, ақын-жузышылар, құндылық.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар өткен тарауларды еске түсіре отырып, тақырыппен байланысты тарауларды анықтайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту.

«Автор орындығы». Сыныптан белгілі бір оқушы шығып, автор орындығына отырады. Автор – Жарасқан Әбдірашев. Оқушылар автормен тілдеседі.

Тапсырма: Автор Жарасқан Әбдірашевке өзіңізді мазалған сұрағыңызды қойыңыз, пікір алмасыңыз. СЖ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

5 минут

4 минут

20 минут

Мағынаны тану кезеңі. Оқушылар поэма мен өлең жанрлары туралы білетін ақпараттарын Венн диаграммасына толтырады. ТЖ.

1-тапсырма:

Төмендегі сұрақтарды қамтып, поэма мен өлең жанрын салыстырып, Венн диаграммасын толтырыңыз. ТЖ.

Сұрақтар:

Поэма деген не?

Өлең деген не?

Ол екеуінің қандай ұқсастығы бар?

Ол екеуінің қандай айырмашылығы бар?

«Шеңбер» әдісі. Жасаған жұмыстарын (Венн диаграммасын) топтарға аралап жүріп таныстырады.

Оқушыларға өлең мен поэма туралы қысқаша ақпарат таратылады. Оқушылар оқып танысады.

Поэма – эпостық жанрдың бір түрі. Белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэмалық шығармада кейіпкер автордың өзі немесе басқа да болуы мүмкін.

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің бірнеше түрі болады. Олар тақырыбына байланысты махаббат лирикасы, табиғат лирикасы, азаматтық лирика т.б. Өлеңде кейіпкер – автордың өзі. Өзінің күйінішін немесе сүйінішін сюжетсіз көрсетеді.

2-тапсырма:

Төмендегі кестені толтырыңыз.

Аспект

Жауап

Дәлел

Тақырыбы

Идеясы

Кейіпкер

Сюжет

Сюжет (басталуы, байланысуы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі)

Кейіпкер мінез-құлқы

Кейіпкер іс-әрекеті

Бұл тапсырмада оқушылар Ж.Әбдірашевтің поэмасы мен Ж.Нәжімеденовтің өлеңінің жанрлық ерекшелігін талдайды.

Кері байланыс. Оқушылар мұғалімнің көмегімен берілген кестені талқылай отырып, дұрыс жауабын анықтайды.

Интербелсенді тақта, А3 парақтары

Интербелсенді тақта, таратпа қағазы

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.

Интербелсенді тақта

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу