Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.


Оралхан Бөкей

«Атау кере» романы

1-тапсырма.

Мақсаты: О.Бөкейдің «Атау кере» романындағы әдеби тілді құбылтудың идеяны ашудағы қызметін ажыратып талдау

Нұсқаулық:

Үзіндіні талдап, көркемдегіш құралдарды табыңыз, олардың мағынасын ашыңыз.

Дескриптор:

Үзіндіден троптарды табады;

Троп түрін анықтайды;

Троптың беретін мағынасын ашады.

Үзінді

Троп түрі, қызметі

Үзіндінің беретін мағынасы

Түпсіз ойдың тұңғиығына тұншыққан Айна қайтадан бетіне қалқып шыға алмай ұзақ отырды. Көзден де, көңілден де баяғыда қашаңдап кеткен жастық дәурен — қыз кезі, бірге өсіп, біте қайнасқан достары, туған-туысқандары есіне түсті.

Қыздар институтының жаратылыстану факультетінде оқып жүрген шақта, қолаң шашын қос бұрымдап өріп, жанынан өткен адамды жалт қаратар сұлулығымен талайды таң қалдырмап па еді...

Құрбылары шашын қиып күзеген байталдай болып жүргенде, хас маңдайдан қақ жарып тарап, бір талын шашау шығармай өрген шашын жалау ғып жайнап, жігіт біткеннің аузының суын құртқан.

Студент уақытында Ерікпен кездесті. Екеуі қолтықтасып қатар келе жатқанда, көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос-жарандарының бәрі қызыға да қызғана қарайтын.

Оқу бітірген жылы үйленді. Ерік аудан орталығындағы спорт мектебіне орналасқанда, дипломы жоқ Айна интернатта тәрбиеші болды. Осылайша он жыл өмірлері оңды-солды, мән-мағынасыз өте шыққан екен. Мамандықтарын тастап ара бағып кеткендеріне де осы жазда бес жыл толған. Тәңірім-ау, сонда не қызық көрді?

Көрер қызығымыз алда дейін десе, өзі отыздан асып, Ерік қырыққа толыпты. Баяғыда бір шал кемпіріне «кешке берген айраныңды ұрайын» деген екен, ендеше, ғұмырының аяулы шағы ертеңге ауып, сарықарын тартар шақтағы қонған бақтың, қоңсыған байлықтың керегі бар ма өзі...

Айна артына бұрылып еді. Момақан өзеннің жағалауында бірігіп жайылып жүрген жылқы, сиыр, қойларды көрді. Таңғы салқынмен шық суына малынған шөпті сонылап кәперсіз оттайды.

Автор осы үзінді арқылы қандай ойды айтпақ болды? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 2-тапсырма:

 «Бақ дегенің – тойға келген қыз емес пе, байлық дегенің – қолға ұстаған мұз емес пе, бала – артта қалған із емес пе?» автор Нүрке кемпірдің сөзі арқылы қандай ойды айтпақшы болды? Ойыңызды ПОПС формуласына салып жазыңыз. 70-80 сөз.

 

Менің ойымша, ...

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Себебі, мен оны былай түсіндіремін …

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу