Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


Дидактика №1

Жұптағы оқушыларға «Найман-Ана» шығармасының үзіндісі ұсынылады. Оқушылар үзінді мазмұнымен танысып, кестені толтырады.

О, құлыным!Сенің басына күн қаптап, темір қызғышпен жаңғақ шаққандай етіп, шығар салып бұрап, ақыл есінен айырғанда, басынды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзін шарасыздан шық аққандай су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынында қақталып, ажал аузында, ындыны құрып жатқанда, кезерген ерніне бір тамшы таңбағанда. О, құлыным саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші күнді сен қарғаған жоқ пе екенсіз. Сонда саған жарық күн дүние әлемдегі шамшырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара діл үрейлі, көзсіз соқыр болып көрінген жоқ пе екен. Адам айтқысыз азаптан айныған ақыл-есіңді біржолата қараңғылық басып зор ақыдан алжасқан зерде тұманданып, ананың дидарын өзінің жазда жағасында жүгіріп ойнап жүретін тау бұлақтың сылдырын мәңгі ұмытып бара жатқанда. Өз атың әкеңнің аты ағайын туғандарын түр-түсі өзіне қарап ұялып, жымиятын қыздың аты жау жапырағын жадынан мүлде шығып баражатқанда, сен сонда құлыным, сені жарық дүниеге әкелгенім үшін, сені туған үшін, мына бейбақ анаңды қаһарлана қарғамадың ба екен. О, ұлым, менің құлыным! Мен сені іздеп шарқ ұрдым! -Мен сенің анаңмын! -Сенің атың кім? -Мәңгүрт. -Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрыңғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды. -Әкеңнің атың білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңңің елің қайда, руың кім? Тымқұрыса, туған жеріңді білесің бе? -Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені! -Ау, жерді, суды тартып алса мейлі,-байлығыңды тартып алса-мейлі,-тіпті жанынды алса да,-мейлі. -Ау, адамның ақыл-есін тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай,бар екенін шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық азба еді? -Сенің атың-Жоламан. Естимісің сен? Сен Жоламансың. Әкеңнің аты-Дөненбай. Әкеңді ұмытып қалдың ба, Құлыным? Ол саған титтейіңнең садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Сен найман елінен боласың, естимісің Наймансың сен. Жоламан! Жоламан ұлым қайдасын, Жоламан қайдасын? Мен анаңмын ғой, Жоламан, құлыным менің, Жоламан ұлым менің, Атпа! Ойлаңшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Мен ботасы өлген боз мая, Тұлыбын келіп иіскеген..

Дидактика №2

Көркемдегіш құрал түрі (троп немесе фигура екенін нақтылаңыз)

Шығарма үзінділері

Көркемдегіш құралдың білдіретін мағынасы

Автордың қолдану мақсаты

Дескриптор.

  • Шығармадан 7 көркемдегіш құралды анықтап, жазады;
  • Көркемдегіш құралдың түрін ажыратады;
  • Көркемдегіш құралдың шығармада қолданылу мақсатын талдайды;
  • Автордың қолдану мақсатына талдау жасайды.

Дидактика №3

 Сабақ мақсаты:

Шығарманы әлем әдебиетімен салыстырып, тарихи ерекшелігі мен көркемдік құндылығына талдау жасайды

 Бағалау критерийі

Шығарманы әлем әдебиетіндегі шығармамен салыстырады

Шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығына талдау жасайды

Дескриптор:

 

1.Бірінші Найман-Ана шығармасының мазмұны мен идеясына талдау жасайды;

2.Атау-Керек шығармасының мазмұны мен идеясына талдау жасайды;

3.Екі шығарманың ортақ ойын анықтап, көтерілген мәселелерге талдау жасайды;

4.Көтерілген мәселенің екі тарихи кезеңдегі өрбуіне талдау жасайды.

Найман Ана шығармасының мазмұны мен идеясы

Екі шығарманың ұқсас тұстары, шығармаларды көтерілген ортақ мәселе

Атау-Кере шығармасыны мазмұны мен идеясы

Бұл мәселелердің қазіргі таңдағы өзектілігіне баға беріп, пікір білдіріңіздер

Жылдар бойы бұл мәселе қалайша өрбіді

Тәуелсіздікке дейінгі жылдар

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу