Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна

Сыныбы: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсатына сілтеме

«О. Бөкей «Атау кере» повесі,

11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Сабақ мақсаты:

Шығарманы әлем әдебиетімен салыстырып, тарихи ерекшелігі мен көркемдік құндылығына талдау жасайды

 Бағалау критерийі

Шығарманы әлем әдебиетіндегі шығармамен салыстырады

Шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығына талдау жасайды

 Құндылықтарды игерту

Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылыммен танысады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға «Атау-Кере» қойылымынан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көрген оқушылар оқиғаға қатысты пікір білдіреді. \

  • Үзінді шығарманың қай бөлігі бойынша?
  • Үзіндіден не байқадыңыз?
  • Нюра апайдың соңғы сөзіне қатысты пікіріңіз қандай?
  • Үзіндімен «Атау-Кере» ұғыын байланыстыруға болады ма?

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

(51.53-52.29)

33 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

Негізгі бөлім

Тапсырма 1

Жұптағы оқушыларға «Найман-Ана» шығармасының үзіндісі ұсынылады. Оқушылар үзінді мазмұнымен танысып, кестені толтырады.

О, құлыным!Сенің басына күн қаптап, темір қызғышпен жаңғақ шаққандай етіп, шығар салып бұрап, ақыл есінен айырғанда, басынды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзін шарасыздан шық аққандай су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынында қақталып, ажал аузында, ындыны құрып жатқанда, кезерген ерніне бір тамшы таңбағанда. О, құлыным саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші күнді сен қарғаған жоқ пе екенсіз. Сонда саған жарық күн дүние әлемдегі шамшырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара діл үрейлі, көзсіз соқыр болып көрінген жоқ пе екен. Адам айтқысыз азаптан айныған ақыл-есіңді біржолата қараңғылық басып зор ақыдан алжасқан зерде тұманданып, ананың дидарын өзінің жазда жағасында жүгіріп ойнап жүретін тау бұлақтың сылдырын мәңгі ұмытып бара жатқанда. Өз атың әкеңнің аты ағайын туғандарын түр-түсі өзіне қарап ұялып, жымиятын қыздың аты жау жапырағын жадынан мүлде шығып баражатқанда, сен сонда құлыным, сені жарық дүниеге әкелгенім үшін, сені туған үшін, мына бейбақ анаңды қаһарлана қарғамадың ба екен. О, ұлым, менің құлыным! Мен сені іздеп шарқ ұрдым! -Мен сенің анаңмын! -Сенің атың кім? -Мәңгүрт. -Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрыңғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды. -Әкеңнің атың білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңңің елің қайда, руың кім? Тымқұрыса, туған жеріңді білесің бе? -Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені! -Ау, жерді, суды тартып алса мейлі,-байлығыңды тартып алса-мейлі,-тіпті жанынды алса да,-мейлі. -Ау, адамның ақыл-есін тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай,бар екенін шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық азба еді? -Сенің атың-Жоламан. Естимісің сен? Сен Жоламансың. Әкеңнің аты-Дөненбай. Әкеңді ұмытып қалдың ба, Құлыным? Ол саған титтейіңнең садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Сен найман елінен боласың, естимісің Наймансың сен. Жоламан! Жоламан ұлым қайдасын, Жоламан қайдасын? Мен анаңмын ғой, Жоламан, құлыным менің, Жоламан ұлым менің, Атпа! Ойлаңшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Мен ботасы өлген боз мая, Тұлыбын келіп иіскеген..

Найман Ана шығармасының мазмұны мен идеясы

Екі шығарманың ұқсас тұстары, шығармаларды көтерілген ортақ мәселе

Атау-Кере шығармасыны мазмұны мен идеясы

Бұл мәселелердің қазіргі таңдағы өзектілігіне баға беріп, пікір білдіріңіздер

Жылдар бойы бұл мәселе қалайша өрбіді

Тәуелсіздікке дейінгі жылдар

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдар

Дескриптор:

  • Бірінші Найман-Ана шығармасының мазмұны мен идеясына талдау жасайды;
  • Атау-Керек шығармасының мазмұны мен идеясына талдау жасайды;
  • Екі шығарманың ортақ ойын анықтап, көтерілген мәселелерге талдау жасайды;
  • Көтерілген мәселенің екі тарихи кезеңдегі өрбуіне талдау жасайды.

Бағалау

«Карусель» әдісі

Жұптағы оқушылар өзге жұптарға барып, жұмыстарын таныстырып, кері байланыс жасайды. Сыныптағы басқа оқушылардың жұмысын қарап, жұмыстарын жетілдіре түседі. Жұптар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.

Тапсырма. 2 .

Бұл тапсырма әр оқушыға жекелеме беріледі. Оқушыға қима қағаз таратылады. Оқушылар шығарманың көркемдік құндылығына баға бере отырып, талдау жұмысын жүргізеді. 1-оқушы «Найман ана» шығармасы бойынша талдау жүргізсе, екінші оқушы «Атау Кере» шығармасы бойынша талдау жасайды. Жұмыс орындалған соң, жұптағы оқушылар бір-бірінің жұмысымен танысып, дескриптор бойынша бағалайды.

Көркемдегіш құрал түрі (троп немесе фигура екенін нақтылаңыз)

Шығарма үзінділері

Көркемдегіш құралдың білдіретін мағынасы

Автордың қолдану мақсаты

Дескриптор.

  • Шығармадан 7 көркемдегіш құралды анықтап, жазады;
  • Көркемдегіш құралдың түрін ажыратады;
  • Көркемдегіш құралдың шығармада қолданылу мақсатын талдайды;
  • Автордың қолдану мақсатына талдау жасайды.

Кері байланыс

Тапсырмаларды орындауда қандай қиындықтар болды?

Мақсатқа қол жеткізе алдыңыз ба?

Жұптық жұмыстың қандай пайдасы болды?

Дидактика №2

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу