Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: 4 | |||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна | ||||
Сыныбы: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Оқыту мақсатына сілтеме | «О. Бөкей «Атау кере» повесі, 11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; | ||||
Сабақ мақсаты: | Шығарманың көркемдік құндылығына баға бере отырып, әдеби эссе жазу | ||||
Бағалау критерийі | Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдайды Шығарма үзінділеріне баға береді Шығарманың көркемдік сипатына баға бере отырып, әдеби эссе жазады. | ||||
Құндылықтарды игерту | Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылыммен танысады. | ||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | ||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||
Алдыңғы білім | |||||
Жоспар | |||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | |||
5 минут | Қызығушылықты ояту. «Бес қадам»
| https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE (51.53-52.29) | |||
33 минут | Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. Тапсырма Жұптағы оқушыларға мақала үзінідісі таратылады. Мақала мазмұнымен танысқан оқушылар талқылау сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасады. Талқылау сұрақтары:
«Атау кереде» бір шоғыр жан ортадан оқшауланып өмір кешіп жүр. Әрқайсысының өзіндік себебі бар. Шығармадағы орталық кейіпкердің бірі – Таған. Таған бейнесінде жазушы ХХ ғасырдың белгілі бір кезеңінде – тоқырау жылдары тұсында бел алып, орнығып қалған зардапты жайларды айыптайды. Ешкімге қылдай қиянаты жоқ, білімді, алғыр, адал жас адам – Таған айықпас дерт – маскүнемдікке түсті. Жүрек қан жылайтын, күйзелетін ауыр күй. Ақиқат. Кеңестік кезеңнің бейбіт бір күндерде бел алып кеткен ауыр кесапаты. Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. – Қайран, Алтай – сол Алтай – сол Алтайдың аяулы адамдары Тағанды да айықпас кеселден біртіндеп арылтады. Жазушы жас адамның арылу, таза-ру жолын шынайы, шым-шымдап баяндайды. Тағанға бала күнгі досы Ерік қай пиғылмен болса да қол созған. Нюра кемпір мен Айнаның адамшылықтан озбаған ықылас, пейілі де дертке дауа, таптырмас ем болғаны рас. Жазушы шығарманың көркемдік желісіндегі мәнді арқау – маскүнем Тағанның жұмбақ тағдырын біртіндеп-біртіндеп ашады. Оралхан Бөкей өзінің жазу машығындағы оңтайлы көркемдік тәсілдің бірі – ой ағынын пайдаланған. Бір жұтым сыраға үздігіп, өң мен түсті айыра алмай есалаң болып қалған, әйтеуір кеудесінде жан бар тірі өлік Тағанның сырын жазушы көпке шейін жасырып отырады. Бұл – маскүнем адамның болмысына орайластырылған шынайы өмірлік жағдайлардан туындаған логика. Біртіндеп жаны тазара бастаған, ара-тұра табиғат тылсымымен тыныстап, дүниеге енді көз ашқан сәбидей таң тамаша қалып қарай бастаған Таған енді өзінің кім екенін, өткен оқиғаларды, бұл күйге қалай тап болғанын ойлай бастайды. Ойлана бастайды. Ол ойланбастан бұрын автор өзі кең толғап, арғы-бергідегі атамекен тағдырын, ұлт жайын, оның қазір тығырыққа түсіп, тыпыр ете алмай қалған халін жорналшы Оралхан Бөкейдің алымды мақамымен публицистикалық сарында көсіпкөсіп, шындықтың бетін біліп отырып баяндап, жүректі қапаландырған, қамаған ойларын төгіптөгіп алады. Бір қызығы, бір қарағанда өзі іш тарта бермейтін кейіпкері Еріктің ойымен де бірталай шындықты жеткізеді. Соған қарағанда Ерік те тұра қашатындай тұғырсыз бейне емес. Еңбектің адамы. Бірақ ой-өрісі сараңдау көптің бірі. Жазушы өз кейіпкерлерін жалғыз-жарым алып, шоқитып қана көрсетуден, бәріне жазықты етіп жерден алып, жерге салып айыптаудан аулақ. Әңгіме жалпыадамзаттық ауқымға ойысып кетіп отырады. Шындықтың төркіні қайда екені меңзеледі. «Ол ойлағандай, дүниенің бәрі құрыған, тіршілік қуарған, су суалған жоқ еді. ... Табиғаттың ең ақылды да саналы түлегі болып есептелетін Адам, ең бір аңқау да ақымағы еді. БІЗДІҢ ақымақтығымызды Жаратқанның басқабасқа мүшелері – жанды, жансыз күн-түн, жылжыл, ғасыр-ғасыр сайын көзге шұқып, көрсетіп жатса да, жан кешті айқас пен айға шабар арынымыздан арылған емеспіз. Түп атамыз түркіден бермен түсін де, үнін де өзгертпей, мәңгіліктің қыл қобызы секілді Алтайды күйге бөлеген Қатын өзені-ақ Біздің бейшара тірлігіміздің мазақшысы емес пе. Енді... енді ол қаһарлы Қатынға қылбұрау түсіп, дәл бауыздауынан бөгеп ГРЭС салмақ. Бұл хабардан осы өңірдің өр кеудесін жайлаған қазақтар хабарсыз еді. Өйткені жоспаршылар жойқын құрылыс саларда жергілікті халықпен ешқашан санасқан, ақылдасып, кеңескен емес. Есептемейді де, есептесе, есептен жаңылады. Алтайдың қос бұрымы бар десек, бірі мынау Қатын суы болса, екіншісі Бұқтырма болатын. Сол жарықтық Бұқтырманы бұрқатып бөгерде де сөйткен, тұрғылықты жұртшылықтан рұқсат сұраған емес, ал енді сол бөгесіннен пайда болған жасанды теңіздің астында не қалмады: атамекен, бабалардың бейіті, екі ауданның егістік жері қалды. Тәңірімау, толайым тарихымыз су астында қалды! Кәне осы сорақылықтан дүниенің қылшығы қисайғаны?! Әне, Қатынға да қауіп төнді. Асыл Қатын бұғауланбақ» (Бөкей, 2013: 190). Жазушы Алтайдың сұлулығына сұқтана түскен санасы біртіндеп қайта жаңғырып, «адам болып» келе жатқан Таған таудағы Шал үйінен қайтарда осы бір ой тасқынын сел құйғандай төпелеп, өз уақытының көкейкесті, өзекті күйлерін төгіп-төгіп айтып алады да, әңгіме бағытын алаңсыз бір рахат күйге ойысқандай, жан түкпірін түрткілеген дүниелер бас көтере бастаған Тағанға қайта бұрады. Табиғатқа еміне қарап, жігіт жан рахаты на кенелгендей бір күйге түскен. Газет оқып, радио тыңдамағанына қаншама уақыт бол ды. Осының өзі дұрыс па деп ойлады. Төрткүл дүниенің дүбіріне алаңдамайсың, дүрбелеңнен шошымайсың. Оңаша бір тыныштық. Ерік те бірдеңе білгеннен осылай жүр-ау. Денсаулық үшін де тау арасының оқшаулығы жақсы екен... дегендей ойлар баурайды Тағанды. Баяғы біз көргеннен ойсыз, қамсыз маскүнем Таған енді арғы-бергіні ой елегінен өткізе бастайды. Оның жаны сауығып келе жатқанын жазушы ұтымды оқиға өрбіту, ой логикасы арқылы ашқан. Таған біртіндеп, күрделі кесек тұлғаға айнала бастайды. Ол ел қамын ойлаған азамат екен. Оның мұңы тіпті де жеке бастың қызығын қуалаған тар мүдденің мұңы емес екен. Таған – ұлы мұраттармен ұшқыр ғұмыр кешкен, тағдырлы, тарихы бай ұлтының ұлы. Жалпы адамзаттық ауқымдағы, әлем әдебиетіндегі әсершіл, әуес, әрекетті жас адамдардың өмір бұралаңдарындағы жан-күйі ашылған озық туындылардағы орталық кейіпкерлермен қандас, туыс тұлға. XIX ғасырда, одан бұрын да Батыс, орыс әдебиетінде қатар түзген қайшылықты өмір ағысында малтыған жас адамдар образының ортасына қосылуға қақылы бейненің бірі деуімізге де болады. Тапсырма. 2 . Шығарманың көркемдік құндылығына баға бере отырып «Атау-Кере шығармасы ұлт тамырымен таралған өзекті мәселерді қозғаған, құнды еңбек» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Жазылым барысында мақала идеясын қолданып, шығармадағы көркемдегіш құралдарға талдау жасаңыз. Дескриптор: 1.Шығарманың мазмұны мен негізгі идеясына тоқталады; 2. Шығарма идеясына байланысты көтерілген мәселелердің өзектілігін баға береді; 3. Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігіне баға бере отырып, талдайды 4. Шығармадағы 6 көркемдегіш құралға талдау жасап, баға береді; 5. Автор стилі мен шығарма көркемдігіне талдау жасайды; 6. Әдеби эсседе мақала идеясын негізге алады; 7. Жазылымды сауатты ұсынады «Автор орындығы» Топтағы оқушылар жұмыстарды ортаға салып, талдайды. Әр топтан 1 үздік жұмыс таңдалып, ортаға шығарылады. Таңдалған жұмыс автор орындығында оқылады. Кері байланыс Тапсырмаларды орындауда қандай қиындықтар болды? Мақсатқа қол жеткізе алдыңыз ба? Жұптық жұмыстың қандай пайдасы болды? | Дидактика №2 | |||
Рефлексия 2 мин | «Блоб» ағашы Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым? Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім? Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым? |
Қосымша ақпарат | ||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?