Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қалыптастырушы бағалау. 2 сабақ.


Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу. Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру.

  • қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу үшін ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыра талдайды.

Тапсырма

«Кубизм» әдісі

1-топ Байланыстыр. Автор сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез –құлықтарын анықтап, Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы құндылыққа кереғар ұғымдармен байланыстыр. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын ұсынылған сызба түрінде жеткізеді.

2-топ

Салыстыр. Екі түрлі салыстырмалы талдау жүргізіңіздер. 1) Нүрке кемпірдің бойындағы қазақ халқына тән ұлттық құндылықтар мен табиғи болмысының арасындағы қайшылықтарды салыстырыңыздар. 2) Нүрке кемпірдің бойындағы қайшылықты Габриэль Гарсия Маркестың «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы Урсула бейнесімен салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын ұсынылған сызба түрінде жеткізеді.

3-топ Зертте. Еріктің бейнесі арқылы ұлттық құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Шығарма идеясының ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын ұсынылған сызба түрінде жеткізеді.

4-топ Қолдан. Тағанның бейнесі арқылы ұлттық құндылықты дәріптейтін және оған қайшы келетін кереғар көріністерді негізге ала отырып, «НЕГЕ БІЗ ОСЫ!» деп басталатын монолог жазыңыз. Топтағы әр оқушы жазған монологтарын жинақтап, ұлттық құндылықтар мәселелісн көтерген ортақ газет шығарып, ұсыныңыздар.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын ұсынылған сызба түрінде жеткізеді.

5-топ

Ескерту: Мұғалім қалауы бойынша төменде берілген 2 түрлі тапсырманың бірін таңдап ұсына алады.

  • Дәлелде. Үзіндідегі берілген ұғымдарды ұлт тағдыры мен ұлттық құндылықтардың сынға түсуі мәселесімен байланыстыра отырып, мәтіннен нақты мысалдар келтіріп, талдайтын «Ұлт тағдыры сынға түскенде...» деген тақырыпта әлем халықтарының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, ток-шоу ұйымдастырыңыздар. Топтағы оқушылармен бірге сынып оқушыларын талқылауға шақыратындай кең ауқымды болуын ескеріңіздер.

Талқылауға ұсынылатын үзінді: «Шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза». Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек! Автор көтерген ұлттық құндылықтардың ішіндегі маңыздысы ретінде аталатын адамның өзінің табиғи жаратылысына тән өз ділін аңсаудың шешуші сәтте жеңіске жетуі мәселесі еріксіз ойлантады емес пе!?» 

  • Автор көтерген ұлттық құндылықтардың (салт-сана, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл мен дін) қазіргі кезеңде жаңа сипат алып, салтанат құрғанын дәлелдейтін және құндылықтарды насихаттайтын белгілі бір орталықтың (ұлттық киім шығаратын фабрика, түрлі отандық брендтер, ұлттық өнер түрлеріне баулитын үйірмелер, т.б.) ашылуын жұртқа жариялап жеткізетін креативті жарнама әзірлеңіз.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын жарнама түрінде жеткізеді.

6-топ

Ескерту: Мұғалім қалауы бойынша төменде берілген 2 түрлі тапсырманың бірін таңдап ұсына алады.

Талда.

  • Берілген үзіндіні негізге ала отырып, автор сипаттаған келеңсіздіктерді отарлау кезіндегі тарихи оқиғалармен байланыстырып, талдау жасап, себеп-салдарын сипаттайтын «Тарих беттерінен» деген зерттеу жұмысының нәтижесі түрінде 5 слайдтан тұратын таныстырылым әзірлеңіздер.

Талдауға негіздеме ретінде ұсынылатын үзінді: Тағанның «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне сондықтан да халық адасты... адам жадынан, есіне айрылды», – деп келетін батыл лекциялары тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын айқара ақтарып беретіні белгілі. Жалпы, кеңестік жүйенің «химиялық қаруына» айналған алькаголді ішімдік жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың азып-тозуына дейін жеткізгені сібір халықтарының тағдырынан әбден мәлім жайт. Мұндай қыл көпірден қазақтардың аман өтуі дәстүрлі тағамының құрамында ежелден айран, боза, қымыз сынды ашыған сусындардың болуы, яғни ағзаның дайындығынан ғана құдай сақтаса керек.

  • Романдағы нақыл сөздер мен кейбір маңызды идея туғызатын ойларды теріп алып, талдап, идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнын баға беріп сызба, кесте түрінде ұсыныңыздар.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын ұсынылған жоба түрінде жеткізеді.

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • Тапсырманы толық орындай алдыңыз ба?
  • Сізге топтың көмегі қажет болды ма?

Бағалау парағы

Тапсырмалар

Критерийлер

Көрсеткіштер + -

Өзі және өз тобы

Дәлел/

аргумент

  • Шығармадағы кейіпкер сипаттарына және қоғамдағы кең қолданыстағы құндылықтарға, сілтеме жасалады.
  • Нанымды және сенуге тұрарлық.

Мысал

Шығармадан мысалдарға сілтеме жасап, анық көрсетеді.

Қорытын-дылау

  • Көзқарас пен пікірді нақты, қысқа әрі нұсқа ұсынады.
  • Проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар келтірілген.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу