Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы

Оқыту мақсатына сілтеме

11.2.4.1 Шығармашылық жұмыс

Әдеби туындыдағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

 Сабақ мақсаты:

Әдеби туындыдағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

 Бағалау критерийі

әдеби туындыдағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан баға беріп, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым. Спектакльден үзінді көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, әлем әдебиеті

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Эссе құрылымы, әдеби шығарманың жоспары, ұлттық мүдде, үлттық құндылықтар, автор ұстанымы, символдық образ, кейіпкерлер әлемі, т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Менің пайымдауымша...

Алдыңғы білім

Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романының идеялық –тақырыптық негізін түсініп, көркемдік қолданыстарын және символдық ұғымдардың мәнін жан-жақты пайымдаған.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

4 минут

Қызығушылықты ояту.

«Еркін микрафон» әдісі 4 мин

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

«Атау-кере» драмасы. ІІ бөлім /Оралхан Бөкей/

Көрсетілетін тұсы: 31.28.-33.35 мин

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, өздеріңіз көрген үзіндідегі қарт адамның әрекеті қазақты қоғамның ащы дертінен арашалай алады ма?

№ 1 -слайд

№2 -слайд

Ортасы

38 мин

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру. 2 мин

Жазылымалды жұмыс. 6 мин

Спектакльден үзінді көрсетіледі.

Тапсырма:

Оқушылар маңызды ойларды түртіп алады.

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

«Атау-кере» драмасы. ІІ бөлім /Оралхан Бөкей/

14.00 – 18.00

20.00- 22.00

Жазылым жұмысы

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, жазылым жұмысын орындаңыз.

  • «Адам-орманның ортасында жүріп күнәға батқанша, ағаш-орманның арасында таза өскенге не жетсін. Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін...» деген кейіпкердің сөзінен ой өрбіте отырып, еркін тақырыпқа шығарма жазыңыз.
  • «Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады» деген пікірді негізге ала отырып, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан баға бере отырып, әдеби шығарма жазыңыз.
  • Еріктің томырық мінезі, аса қатыгездігі мен будан аралар жағдайын салыстыра отырып, суреткер метафоралық параллельге барады. Жазушының қозғайтыны – адамның табиғи тазалығы. Еріктің жанашырлықтан ада, селт етпес қаталдығына іштей мүжілетін Нүрке кемпір баласының африкалық аралармен әуестенуінен қатты тіксінеді. Демек, Нүрке кемпір Еріктің болмысындағы мейірімнің неден өшкенін сезеді. Қалай ойлайсыздар, Еріктің бойына неліктен мейірімділік ұяламаған? Берілген сұрақты ұлттық құндылық ұғымдарымен байланыстырып, талқылай отырып, эссе жазыңыз.

Ескерту: Эссе жазғызу үшін берілген үзіндіні мұғалім қалауы бойынша қысқарта алады.

Дескриптор:

  • шығармадағы (кемінде 2 ) кейіпкерлердің әреттері, ұғым-түсінігі, көзқарастары мен қабылдаған шешімдеріне баға бере отырып, өз көзқарасы тұрғысынан талдайды;
  • романдағы және қоғамдағы кең қолданыстағы құндылықтарға сілтеме жасайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар келтіреді;
  • жазба жұмысының жанрлық ерекшелігін сақтайды;
  • тыныс белгісі мен емле ережелерінің талаптарына сай сауатты жазады.

№3 -слайд

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

№4 -слайд

№5 -слайд

№6-слайд

№7-слайд

Рефлексия

2 мин

«3-2-1» әдісі

Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті

Қиындық туғызған 2 жағдай

Сезіміңді білдіретін 1 сөз

№8 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу