М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 11 сабақ.


Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының шығу тарихы туралы Baq.kz сайтына берген сұхбатынан үзінді.

- Шығарма бес күнде жазылып бітті. Негізі, бұл - хроникалық дастан деуге келетін поэма. Шартты түрде Елбасыға байланысты 20 тақырыпты таңдап алып, осы бағытта қазақ елі жеткен биіктерді тілге тиек еттім. Елбасы бір түнде арнайы көлікпен Астанаға алдыртып, поэманы өз оқуымда тыңдап шықты, ризашылығын білдірді. «Көшбасшы» поэмасы осылайша Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойы күні, 2010 жылдың 6 шілдесінде еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде 4 бет болып жарық көрді.  Мен бұл шығармада елдің бірлігін, тірлігін, бейбіт күннің парқын паш еттім. Ел менен ер мәртебесін жырлауды парыз тұттым. Қазір бұл поэманың үзінділерін республикалық басылымдар қолқалап сұрап алып, қайта басып жатыр. Түрлі облыстардағы мектеп оқушылары мен жоғары білім беретін оқу ошағындағы өнерлі жастар осы поэманы мәнерлеп оқудан жүлделі орындар иемденіп жатқанын естіп-біліп отырмыз. Және сол сияқты облыс орталықтарындағы басты нысандарда осынау рух жыры бильборд, түрлі көрнекілік құрал ретінде көрініс табуы жайдан-жай болмаса керек. Осы биыл ғана Елбасымен кезекті бас қосуда тағы да сол «Көшбасшы» поэмасындағы: 

Қанша құмар болсаңдар да даңққа, Тас лақтырып, күл шашпаңдар алыпқа! Ең данышпан, ұлы патша - сол патша, Оқтың даусын естіртпесе халыққа» - деген жыр жолдарын оқыдым. Елдің де, Елбасының да

Құдайдан тілер басты тілегі - Тәуелсіз еліміздің тыныштығы деп ойлаймын. Лайым, солай болғай!

М.Шаханов «Тарихсыз   халық тұл»

«Қай халық болса да оның  түп тамыры, тарихы болады.Өткенсіз  бүгін жоқ, бүгінсіз  келешек жоқ.  Байтақ  қазақ жерінің әрбір  тасы  замана сырын  бүгіп жатыр. Қадым заманнан бергі тарихымыз тұтаса келіп, қасіретті күндер мен сәулелі сәттерді, талай қан кешу мен ерлікті  өрнектейтін бүгінде әлем таныған тәуелсіз Қазақтың қайсар тарихын  түзеді.

Адамзатпен бірге жасасып келе жатқан  тарихтың талай бұрылысында  талай тарланның қаны төгілді. Ұланғайыр қазақ жерін  жау табанына таптатпау  батыр бабаларымыз  бар өмірін ат үстінде  өткізді.

Қаратаудың басынан  көш келеді,

Көшкен  сайын бір тайлақ бос келеді

Қарындастан  айырылған жаман екен

Екі көзден  мөлтілдеп жас келеді, - деп Қожаберген жыраудың жыр тілімен  кестеленген  «Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл  сұлама - тарихтың ең азалы  беті.

Тағдыры талай болған кер заманда елінің  келешегі үшін  келелі шешім қылған  Абылай, Әбілхайыр  сынды  хандардың   Ресейге  бодандыққа  мойынсынуы – жерді, елді сақтап қалуға жасалған  әрекет еді.

Даласындай  кең пейіл қазақ халқы патшаның отаршылдығына қарсы  күресе білді. Аяусыз жазаланған ұлт-азаттық  көтерілістер ғасырларға  жалғасты.

Солардың бірі - 1916 жылғы   ұлт-азатық  көтеріліс еді. Отаршылдыққа, қанаушылыққа қарсы  бас көтерген  халықтың  саяси басшыларына  айналған  Тұрар, Сәкен, Міржақып, Жүсіпбек, Тоқаш  сынды  ұлт  зиялылары еді. Олар  туған елінің тағдыры үшін  налып, азаттық жолындағы күреске бел шеше кірісті.

1917 жылғы  патшаны тақтан құлатқан  ақпан революциясын  қуана қарсы алған олар қазақ елі бостандық  алып, бодандықтан құтылады деп сенді. Қанаушы тап жойылып, барлық халық тең дәрежеде өмір сүреді деп  қуанды.

1917 жылы  Қазан төңкерісінде  большевиктер  жеңіске  жетіп  Кеңес өкіметі орнады. Еңбекші бұқара  революцияны құшақ жая қарсы алды. Теңдікке, әділдікке  қол жеткіздік деп қуанған халық ұлдары  социализмді, Кеңес  өкіметін жақтап шығады».

М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасынан «Сөз бостандығы» бөлімі

Әлi-ақ, бәрi қайта келер тобаға,

Екi көзiң қиғаш қонса оңа ма?

Бiр мақсатқа, бiр мұратқа жұмылып,

Бiр жағадан бас шығармай бола ма!

Суға қарық қылған жандар қайығын,

Ендi-ендi түсiнгендей айыбын.

Зерде керек, зере керек ұғуға,

Парқы биiк Елбасының пайымын.

Ел бiрлiгiн ұран етiп, серпiлдiк,

Түсiнсе деп бостандықтың сертiн жұрт.

Өлiп-талып қолға әрең қонғанда,

Қадiрiңе жете алдық па, Еркiндiк?!

Жалғандық та көрiнедi шын құсап,

Тере берсе бiткен iстен мiндi ұсақ.

Жала, өсек, былғаныш сөз – былапыт,

Құмырадан шығып кеткен жын құсап...

Салмақтанды салиқалы ел есi,

Өрге жүзiп еркiндiктiң кемесi.

Сол емес пе, ел мүддесiн қорғаса –

Еркiндiктiң, еркiн сөздiң төресi!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу