М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Менің бірден-бір қалауым, менің үмітім, егер қаласаңыздар, арманым – шамамның келгенінше, Қазақстан халқының өзін жан-жақты дамытуы үшін қалыпты, шынайы өркениетті жағдай жасауға жәрдемдесу.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Көлегейлеп ғасырлардың жарқылы,

Үнсіз қалды Ұлы Дала нарқы ұлы.

Қайта тану мынау қазақ баласын,

Мүмкін болды тек Елбасы арқылы.

Саясат та асау сынды, жарға тік

Келіп қалсаң кете барар аунатып.

Ерте байқап алдын орап өтпесең,

Өртке қарсы өрт қойғандай лаулатып.

Алға ұстамай сүттей таза арыңды,

Жоғалтуың оп-оңай-ақ барыңды.

Келешекті көңілімен танитын,

Ұлы қазақ Ұл туыпты Дарынды!

Дәлелдеп бақ құлсың ба, әлде, ұлсың ба

Қатал уақыт, күтіп сені тұрсын ба.

Орнын сақтап қалу үшін Әлемнен,

Ердің ері шыдай алар бұл сынға.

Қынабынан суырылған шындықтай,

Өткен күндер ұмыт болды мұңлықтай.

Қазақ елі Жер-жаһанға танылды,

Су түбінен көтерілген құрлықтай.

Жарқын қоғам, жарық дүние арайын,

Әлем сүйген Нұрағама балайын.

Жалғыз Тұлға шеше алады екен ғой,

Бүкіл ұлттың тағдыры мен талайын.

Елге абырой жинап жүрсе жер-көктен,

Елге деген махаббаты кернеткен.

Күллі Әлемге мойындатты қазақты,

Қоң етінен ет кескендей еңбекпен.

Еркін өскен бүгінгі жас өрендер,

Елбасының әр сөзіне елеңдер.

Мақтан етер қайда жүрсін әр қазақ,

Әлем таныр Елтұтқасын кемеңгер.

Мият тапса бар мүмкіндік қолдағы,

Елбасының қасиеті ол-дағы.

Әлем бұлай назар салған кезі жоқ,

Бұл далада қазақ пайда болғалы.

Көлегейлеп ғасырлардың жарқылы,

Үнсіз қалды Ұлы Дала нарқы ұлы.

...Қайта тану мынау қазақ баласын

Мүмкін болды тек Елбасы арқылы!

РУХ

Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Бас ием бұл далаға байтағым деп,

Басыңнан өткен мұңды айтамын көп.

Арманы Абылайдың орындалды-ау,

Феникс құс сияқты қайта түлеп.

Бағзыда көкке ұлыған көкбөрі едім,

Жүректі қарсы айырып шеккен шерім.

Аспанға шашу шашып жатырмысың,

Өз қолы өз аузына жеткен елім.

Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,

Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды...

Мұндай күн – қарқаләзи, іргем бүтін,

Болған жоқ қазақ қазақ болғалы әлі.

Пырақтай мәресіне жетер дара,

Қазақты шың басына көтерді аға...

Ұққанға: “–Мен Абылай емеспін...” – деп,

Айтқан жоқ Елбасымыз бекер ғана.

Алысты мойындатқан іспен ірі,

Біледі дос-дұшпаның іштен мұны.

Анасы аян берген ақ мылтықтай,

Алланың Алты Алашқа түскен нұры.

Әз баба, аруақтар көкте тұрып,

Ел бастар Ер ұлынан еткен үміт.

Жоталы қызыл ала жолбарыстай,

Кешегі Қарасайдан жеткен Рух!

Ел билеу – екі дүние ғарасаты,

Алтыннан мүсін қойса жарасады.

Уыздай ұйып тұрған мынау қоғам

– Нұрсұлтан, Нұрағамның – парасаты.

Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,

Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды.

Мұндай күн бұрын-соңды тауарихта,

Болған жоқ, қазақ-қазақ болғалы әлі.

...Оң ісің ниет еткен оңғарылсын,

Жан пида намысыңды қорғау үшін.

Жанары ор киіктей ойқастаған,

Азуы – алты қарыс жолбарысым!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу