М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 7 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаты:

М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

11.3.2.1. Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.

Сабақ мақсаты:

Бағалау критерийлері:

Шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыру, сыни тұрғыдан баға беру.

Шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстырады;

Сыни тұрғыдан баға береді.

1-тапсырма.

Тыңдалымалды тапсырма

- Кие деген не? Қазақ танымында нені киелі, қасиетті санайды?

«Көптеген елдердi араладым... Бiрақ бәрi де өзiм туып-өскен қазағымның жерiне, Алатаудың бiр бөктерiне жанбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпедi. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен»...- деген Елбасы сөзінің мән-мағынасы талданады.

 

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының «Кие» бөлімін оқып береді. Оқушылар сыни тұрғыдан баға береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар үлкен идея немесе тұжырымдарды салыстыру мен сәйкестендіруді қажет ететін концептуалды сұрақтар, бірнеше көзқарасты салыстыратын, талқылауға болатын, тура жауабы жоқ, теория мен перспективаларды бағалайтын пікірталастық сұрақтар құрастыра алады. Сұрақтар құрастыру барысында поэманың мына жолдарына назар аударылуы керек:

Тағдырды Алла ғана нәсiп етiп,

Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!

 

Жаралған жан әлемi Күлтегiндей,

Халықтың арман, тiлек, бақытынан.

 

Дескрипторлар:

«Кие» бөліміне сыни тұрғыдан баға береді;

Әртүрлі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

2-тапсырма. Жазылымалды тапсырма

«Кезбе тілші» әдісі арқылы топ мүшелері рөлге бөлініп, берілген мәтін бойынша ақпарат, идея жинақтайды.

оқушы: Мәтіндегі оқиғалар туралы хабарлайды.

Телестудиядағы диктор: жиынтық ақпарат береді.

Тілші: оқиға орнынан ақпарат береді.

Тілші сұхбат алатын куәгер.

Мирас болған мынау ұлы мекенiм,

Мекенiмдi ту көтерiп өтемiн.

Айтып кеткен баяғыда-ақ бабамыз

Елдi бұзар – алауыздық екенiн.

Қадам басқан күллi әлем төрiне

Бiрлiк керек менiң бейбiт елiме.

Көлеңкесiн түсiрмейтiн ешқашан

Қазағымның түп-тұқиян, тегiне.

Ұлт мүддесi – амандығы әманда,

Ұлт мүддесi – рухымда, санамда.

Жер бетiнде қазақ дейтiн ел барын

Мойындату мынау ұлы ғаламға.

Жазылым тапсырмасы

Оқушылар «Көшбасшы» поэмасының «Ұлттық идея» бөлімін оқып, үзіндінің жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, қарасөзге айналдырып жазады.

Дескрипторлар:

Абзац пен бөліктерге бөліп, қарасөзге айналдырып жазады;

Үзіндінің жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстырады.

Кері байланыс: «3 Қ»

Не қызық болды?

Не қажет болды?

Не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу