Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңіндегі құндылықтар. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


2-тапсырма. «Оқырман пікірі» стратегиясы

1-топ.

Берілген үзіндідеден авторды алаңдатқан мәселелер мен жайттарды танытатын троп пен айшықтау түрлерін теріп жазып, сол сөздер арқылы ақынның алаңдау себептері қалай ашылғанын талдаңыздар.

Менің жерім мына жер - сенің жерің,Жарасып тұр сол жерге келулерің.Осы алқапта сенің де малың жатыр,Жайқалып тұр шабылмай егіндерің.Менің көлім мына көл - сенің көлің,Сенің арқаң көңілге семіргенім.Жоғалмасын, ағайын, жоғалмасын,Жетем деген сол көлге сенімдерің.Менің тауым мына тау - сенің тауың,Ақбас шыңын алты ай жаз жуған жауын.Жалғыз рет көрсең де тірлігіңде,Мұмкін емес сол тауды сағынбауың.Туы да бір ішетін суы бардың,Әуреледі бұл жерден қуып әркім.Мына орман менікі, сен де соның,Ағашынан үйіңе уық алғын.

2-топ.

Үзіндідегі туған жеріміздің байлығы мен дархандығын сипаттауы, ерекше бағалауы, қастерлеуін танытатын троп пен айшықтау түрлері берілген жолдарды теріп жазып, лирикалық кейіпкер құндылығының түпкі мәнін түсіндіріңіздер.

Көрдің бәрін, көп түсті жан да азапқа,Түскен кезі көп және ар мазаққа.Тоғайдағы толғағыш құстар да ортақ,Дүниені жайлаған бар қазаққа.Мынау өзен менікі, ел күнігеСүйінеді ұрпақтың ерлігіне.Қимай кеткен сол суды аталарың,Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне.Мынау теңіз менікі - сенікі ол да,Ел ырысы дәл бүгін бекем қолда.Әр бұтасы, ағашы туған жердің,Ыстық тарта береді екен жолда.Желбіреді көгімде міне туың,Тұлпарым да дайын тұр мінетұғын.Мынау үлкен мәңгілік қалаларда,Үйлерің тұр көшіп кеп кіретұғын.Келші, бауырым, кешікпей кір қатарға,Меңіреуге меңіреу тіл қатар ма.Мына тауда сенің де жылқыларың,Жату керек шұрқырап күн батарда.

3-топ.

Шығармадағы көтерілген мәселенің өзектілігіне тоқтала отырып, бүгінгі күнмен байланыстырыңыздар.

Жазым да ерек, биылғы күзім бөлек,Алмам да ерек мол биыл, жүзім де ерек.Мына көлде сенің де балаларың,Асыр салып тал түсте жүзу керек.Кел, бауырым, несіне жүрсің жырақ,Ішің де ұнап тұр маған, сыртың да ұнап.Сендердің де бір салған әндеріңе,Бар таулары қазақтың түрсін құлақ.Жеңдік біздер тіршілік күресінде,Әні есіңде еліңнің, жыры есіңде.Қай қиырға ұшсаң да қазақ болсаң,Абайыңды еске алмай жүресің бе?!Жастау болсаң жайқалып, жалындап ал,Бақыт өзі кеп сонда қолыңды алар.Қазақ болып туғаның рас болса,Сарыарқаға сағыныш қаныңда бар.

4-топ.

Ақынның қандас бауырларымызды туған жерге оралуға үндеудегі мақсатын айқындап, үзінділердің тыңдарманға әсерін талдаңыздар.

Туған елсіз ешқашан көгермейсің,Кім қашанғы бұғауға көнер дейсің.Қазақ болып туғаның рас болса,Алматыға бір келмей және өлмейсің.Мүлгисің бе жырыммен ұшықтасам,Қуатым деп Сыр суын ішіпті Асан.Қазақ болып тудым деп айта көрме,Алатаудың басына бір шықпасаң.Оянады көңілден қайдағы арман,Бақыт желі ескендей жайлап алдан.Президентім бар менің елі түгел,Ақ киізге көтеріп, сайлап алған.Туым биік бүгінде, нуым да әсем,Естілер шақ кетті өтіп үнім бәсең.Қазақпын деп айтпа сен, жан бауырым,Алматыны тірлікте бір көрмесең.Қауқылдасып қалдық-ау, есендесіп,Таңнан тағы тербетті шешем бесік...Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу