Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңіндегі құндылықтар. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 5 сабақ.


Мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлініп, тақырыпты болжап көріңіздер!

1-топ: «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»;

2-топ: «Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды»;

3-топ: «Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі»;

4-топ: «Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын».

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әдебиеттегі сын- сарын

Сабақ тақырыбы:

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Оқу мақсаты:

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақ мақсаттары:

Өлеңнің негізгі идеясын анықтау, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау.

Бағалау критерийлері:

Шығарманың басты идеясын анықтайды;

Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;

Лирикалық кейіпкердің ішкі сезіміне тоқталады.

Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалайды, ұсыныс білдіреді.

2-тапсырма. «Оқырман пікірі» стратегиясы бойынша 4 топқа өлең үзінділері беріледі. Келесідей тапсырмаларды орындайды:

1-топ.

Авторды алаңдатқан мәселелер мен жайттарды танытатын троп пен айшықтау түрлерін теріп жазып, сол сөздер арқылы ақынның алаңдау себептері қалай ашылғанын талдаңыздар.

2-топ.

Үзіндідегі туған жеріміздің байлығы мен дархандығын сипаттауы, ерекше бағалауы, қастерлеуін танытатын троп пен айшықтау түрлері берілген жолдарды теріп жазып, лирикалық кейіпкер құндылығының түпкі мәнін түсіндіріңіздер.

3-топ.

Шығармадағы көтерілген мәселенің өзектілігіне тоқтала отырып, бүгінгі күнмен байланыстырыңыздар.

4-топ.

Ақынның қандас бауырларымызды туған жерге оралуға үндеудегі мақсатын айқындап, үзінділердің тыңдарманға әсерін талдаңыздар.

Дескрипторлар:

Үзінділердегі троп пен айшықтаудың түрлерін табады;

Түрлі себептерді анықтайды;

Көтерілген мәселе бойынша пікір білдіреді;

Автордың мақсатын айқындайды;

Тыңдарманға әсерін талдайды.

3-тапсырма. «Кейіпкермен кездесу» әдісі

Барысы:

Сіздерге шетелде жүрген бауырларымызбен кездесу мүмкіндігі туғанын елестетіңіздер.

Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіздер?

Сіздердің ойларыңызша, кейіпкер қандай жауап беруі мүмкін?

Неге олай ойлайсыздар?

Кейіпкерге қандай ұсыныс немесе тілек айтасыздар?

Кері байланыс.

1. Өзекті тақырыпты көтерген шығарманың сізге қалдырған әсері қандай?

2. Шетелге еліктейтін бүгінгінің жастарына қандай кеңес берер едіңіз?

3. Автордың стилі мен тіліне қандай баға бересіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу