Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңіндегі құндылықтар. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын- сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақ мақсаттары

  • Өлеңнің негізгі идеясын анықтау, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың басты идеясын анықтайды;
  • Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;
  • Лирикалық кейіпкердің ішкі сезіміне тоқталады.

 Құндылықтарды дарыту

Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру;

Өмір бойы білім алуға дайындау;

Отансүйгіштік сезімдерін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадағы таныстырылым арқылы сабақтың тақырыбымен, тапсырмалармен танысады.

Бастапқы білім

10-сыныпта өтілген шығармалар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Топқа бөліну. Оқушылар тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер арқылы 4 топқа бөлініп, сабақтың тақырыбын болжап, өз жауаптарымен бөліседі.

1-топ: «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»;

2-топ: «Сағынған елін аңсайды, Сарыала қаз көлін аңсайды»;

3-топ: «Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі»;

4-топ: «Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын».

Сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

1-слайд

2,3-слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

4 минут

10 минут

4 минут

8 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Пирамидалық талқылау» әдісі.

Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңімен танысып шығып, «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша топ мүшелері өлеңнің идеясы, тақырыбы, лирикалық кейіпкердің ішкі толғанысы жайында өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ өз пікірлерін сынып назарына ұсынады.

Дескрипторлар:

  • Өлеңнің басты идеясын анықтайды;
  • Тақырыбы туралы пікір білдіреді;
  • Кейіпкерлер жүйесін талдайды;
  • Ортақ пікір қалыптастырады.

Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жауаптарын бағалайды, ұсыныс білдіреді.

Мұғалім тарапынан оқушылардың жауаптарына талдау жасалады, кері байланыс беріледі.

2-тапсырма. «Оқырман пікірі» стратегиясы бойынша 4 топқа өлең үзінділері беріледі. Келесідей тапсырмаларды орындайды:

1-топ.

Авторды алаңдатқан мәселелер мен жайттарды танытатын троп пен айшықтау түрлерін теріп жазып, сол сөздер арқылы ақынның алаңдау себептері қалай ашылғанын талдаңыздар.

2-топ.

Үзіндідегі туған жеріміздің байлығы мен дархандығын сипаттауы, ерекше бағалауы, қастерлеуін танытатын троп пен айшықтау түрлері берілген жолдарды теріп жазып, лирикалық кейіпкер құндылығының түпкі мәнін түсіндіріңіздер.

3-топ.

Шығармадағы көтерілген мәселенің өзектілігіне тоқтала отырып, бүгінгі күнмен байланыстырыңыздар.

4-топ.

Ақынның қандас бауырларымызды туған жерге оралуға үндеудегі мақсатын айқындап, үзінділердің тыңдарманға әсерін талдаңыздар.

Дескрипторлар:

  • Үзінділердегі троп пен айшықтаудың түрлерін табады;
  • Түрлі себептерді анықтайды;
  • Көтерілген мәселе бойынша пікір білдіреді;
  • Автордың мақсатын айқындайды;
  • Тыңдарманға әсерін талдайды.

Бағалау. «Мендік пікір» әдісі бойынша топтар бір-бірінің жұмысын бағалап, пікір білдіреді.

Мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс беріледі.

3-тапсырма. «Кейіпкермен кездесу» әдісі

Барысы:

Сіздерге шетелде жүрген бауырларымызбен кездесу мүмкіндігі туғанын елестетіңіздер.

  • Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіздер?
  • Сіздердің ойларыңызша, кейіпкер қандай жауап беруі мүмкін?
  • Неге олай ойлайсыздар?
  • Кейіпкерге қандай ұсыныс немесе тілек айтасыздар?

4-слайд

5-слайд

6-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

1. Өзекті тақырыпты көтерген шығарманың сізге қалдырған әсері қандай?

2. Шетелге еліктейтін бүгінгінің жастарына қандай кеңес берер едіңіз?

3. Автордың стилі мен тіліне қандай баға бересіз?

7-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу