Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңіндегі құндылықтар. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сын- сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңіндегі құндылықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.3.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаттары

  • Өлең идеясын берудегі құндылықтардың маңызына тоқталу, көтерілген мәселені басшылыққа ала отырып, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың идеясына талдау жасайды;
  • Құндылықтардың маңызына тоқталады;
  • Жанрлық ерекшелікті сақтап, әдеби эссе жазады.

 Құндылықтарды дарыту

Азаматтық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру;

Өмір бойы білім алуға дайындау;

Отансүйгіштік сезімдерін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қоғамтану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадағы таныстырылым арқылы сабақтың тақырыбымен, тапсырмалармен танысады.

Бастапқы білім

10-сыныпта өтілген шығармалар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

1-слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

3 минут

15 минут

6 минут

3 минут

1-тапсырма. «Құндылықтар картасы» әдісі.

Оқушыларға ой түрткі жасату мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады.

1. Шығарманың философиялық тереңдігі неде?

2. Шығарманың құндылығын айт.

3. Идеяны көрсетуде құндылықтардың маңызы қандай? Түсіндіріңіз.

  • 4. Автор оқырманды қалай қызықтырды?
  • 5. Өз идеясын автор қалай дамытады?
  • 6. Сіздің ойыңызша, автор маңызды ақпараттарды қалай берген?

Оқушылардың жауаптарына мұғалім тарапынан ауызша кері байланыс беріледі.

2-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі. Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Эссе жазу алгоритмін басшылыққа алыңыз. Сөз көлемі: 100-120 сөз.

1. «Қазақ деп соғар жүрегім»

2. «Атамекеніміз жалғыз, ол – қасиетті Қазақ Елі»

3. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!»

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).Мыс.1.Аргумент, түсіндіру, мысал (факт), байланыстырушы сөйлемдер.

3. Аргумент, түсіндіру, мысал (факт), байланыстырушы сөйлемдер;4. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».

Дескрипторлар:

  • Эссенің жанрлық ерекшелігін сақтайды;
  • Құрылымы мен сөз көлемін сақтап жазады;
  • Шығармадан үзінділер келтіреді;
  • Тақырыпты шығарма мазмұнымен байланыстырады.

Бағалау. «3 Ұ» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің жазбасын бағалайды, ұтымды, ұнамды тұстарын анықтап, келешекке ұсыныс айтады.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы/бағалауы жүргізіледі.

2-слайд

3-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «Зерде» әдісі

БІЛІМ – тақырып бойынша алған ақпаратым;

ЭМОЦИЯ – сабақтағы көңіл-күйім;

БАҒА – жетістігіме беретін бағам;

СЫН – өз бойымда нені дамытуым керек?

ИДЕЯ – маған келген жаңа ой.

4-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу