М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 7 сабақ.


«Шын/жалған» ойыны

Бұл шығармада бір ғана кейіпкер бар

Шығарма 20 бөлімнен тұрады

Шығарма оқиғалары ХХ ғасырда болған оқиғалар

Автор поэманы тапсырыс арқылы жазған

Поэма авторы Жамбыл өңірінде дүниеге келген

Әрбір бөлім бір-бір атауды иеленген

Поэма 2011 жылы жарық көрген

Поэма мадақтама өлең болып жазылған.

Теориялық түсініктеме

Әдеби бағыт және ағым –көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық, шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы. Әдебиеттануда көркемдік әдіс ұғымымен ұқсас бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсініктер бар. Бұлардың барлығы да түптеп келгенде бірнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат белгілерден туындайды. Ал ортақ белгілер дегенде, жазушының әлеуметтік, идеялық, позициялық, тұрғыдағы ұқсастығы. Жалпы алғанда стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым, бағыт – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік. Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы жағыдай туғызады сонымен қатар әдеби ағым - әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым – тарихи категория жалпы қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңіндегі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Ағым көр­кем шығарманы берудің формасы 

1-тапсырма. С

Талқылау сұрақтары

Поэма қандай әдеби бағытта жазылған деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды қалай негіздер едіңдер? (реализм, романтизм)

Поэма әлем әдебиетінен өзің оқыған қандай шығармаға ұқсайды?

Шығармадағы жалпыадамзатқа ортақ қандай құндылықтар сөз болады? (патриоттық, туған жер, адалдық, намыс т.б.)

Дескрипторлар:

Шығарманың құндылықтарын анықтайды, талдайды,

Поэманың әдеби бағытын айқындайды.

 

Өзара бағалау Мадақтау сэндвичі әдісі арқылы жүзеге асады.

2-тапсырма.

«Құндылықтар күнделігі» ТЖ

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Өздеріне берілген тапсырманы орындаған соң, күнделіктерін тақтаға іліп, сыныпқа таныстырады.

 Топтар үшін жұмыс қадамы:

1-топ. Шығармадағы ұлттық құндылықтарды тауып, күнделікке жаз (дәлелдерін шығарма мәтінінен келтіру керек)

2-топ. Шығармадағы кейіпкер бойында кездесетін құндылықтарды теріп жаз (дәлелдерін шығарма мәтінінен келтіру керек)

3-топ. Поэмадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды теріп жаз (дәлелдерін шығарма мәтінінен келтіру керек)

 Дескрипторлар:

Поэмадағы құндылықтарды анықтайды;

Құндылықтар күнделігін ынтымақтастықта толтырады.

Талқылау сұрақтары

Шығармадағы ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтар қалай сабақтаса көрсетілген?

Автор ұлттық құндылықтар жүйесін адами құндылықтардан артық қояды деген пікірмен келісесің бе?

 

Өзара бағалау Мадақтау сэндвичі әдісі арқылы жүзеге асады.

3-тапсырма. Ж

4 сөйлем әдісі арқылы шығармаға баға бер. Ой бөліс.

Менің ойымша...

Себебі....

Дәлелі...

Қорытынды...

 

Мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс:

1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпараттармен таныстыңыздар?

2. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіз алдағы уақытта керек болады ма?

3. Қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу